Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ҚазМұнайГаз»: желмен жарысқан жеңіл атлеттер

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы Спартакиадасы аясында 5- қыркүйекте Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда ҚМГ-ның «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «0SC» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚМГ-Сервис» ЖШС, «ҚМГ өнімдері» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларының 8 командасы ерлер мен әйелдер арасында жекелей біріншілікте 100 метрге жүгіруден және командалық есепте 4х100 метрге аралас эстафета бойынша жарысты.
Тамаша ауа райы спортшылардың жоғары көңіл күйде болуына әсер еткендей. Жарыс та сондай биік деңгейде ұйымдастырылды.


Әйелдер арасында 100 метрге жүгіруден «ҚМГ БӨ» командасынан Сәбина Ойратқызы топ жарды. Екінші орында «ҚМГ-Сервис» командасының мүшесі Шолпан Аңсариева. «Өзенмұнайгаз» командасының өкілі Гүлжан Мыңжанова нәтижелі үшінші орынға табан тіреді.
Осы қашықтықта ерлер арасында 0SC командасының спортшысы Сапармұрат Нұрмұханбетовке жетер ешкім болмады. КТО-дан Дмитрий Бутков екінші, «ҚазТрансГаз» өкілі Ғабиден Нұрқасымов үшінші орын иеленді.


Аралас командалар арасында 4х100 метрлік эстафета қызықты өтті. Бұл жарыста «ҚМГ өнімдері» АҚ спортшылары 54.47 секунд уақыт көрсетіп, көш басына шықты. «ҚазТрансОйл» АҚ 55.90 секунд уақытпен екінші, жаңаөзендіктер («Өзенмұнайгаз» АҚ) 56.01 секунд нәтижемен үшінші орын алды.
Айта кетейік; Спартакиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Астананың спорт кешендерінде өтіп жатыр. Келіңіздер, спортшыларымызға жанкүйер болыңыздар!

0
0
464

Осы тақырып бойынша

«ҚазМұнайГаз»: желмен жарысқан жеңіл атлеттер - Yvision.kz