Мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталықтарында оқыту процесі басталды
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту аймақтық орталықтарында оқыту процесі басталды.
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйекте аймақтық оқыту орталығының ғимаратында жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы өткізілді.
Салтанатты шараға орталықтың, облыс әкімдігінің және БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің басшылары қатысып, тыңдаушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Өз сөзінде Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин кәсіби, бәсекеге қабілетті және Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарында болуына өзіндік үлес қосатын мемлекеттік қызметшілерді даярлаудағы орталықтың жұмысының ролінің ерекше екендігін атап өтті.
Аймақтың оқыту орталықтары қосымша кәсіби білім беру институты ретінде ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесінің бөлімі болып саналады және басқару органдарындағы кадрларды үнемі қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. Орталықта ғылым докторлары мен кандидаттар, профессорлар, академиктер және мемлекеттік органдардың тәжірибелі басшылары дәріс береді.
