С.Чаудхури: ҚР Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы бастамасы үлгі аларлықтай
ҚР Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы жаһандық бастамасы үлгі аларлықтай шешім, деді Парламентаралық одақтың төрағасы, PNND тең төрағасы Сабер Чаудхури.
Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Антиядролық қозғалыстың күш-жігері арқасында 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сынақ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы ядролық сынақ осы жылдың 19 қазанында жасалды.Оларды Семей, Павлодар, Өскемен, Жезқазған жұмысшылары және сондай-ақ Жоғарғы Кеңес қолдады. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Семей қаласындағы бөлімшесінің 1989-2000 жылдары алғашқы төрағасы болған Марат Мауытқанұлы Оразалин қозғалыстың құрылған кездерін былай деп еске алады: -1989 жылы ақпанның 12-і мен 18-і күндері әскерилер ешкімге ескертпей, Семей полигонында атом бомбасының сынағын өткізді. Сынақ кезінде жердің жарығынан оқшау (инертті) газдар ауаға бөлініп шыққан екен.
«Мен Қр Президенті Н.Назарбаевтың шешімі мен Қазақстан халқының бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы бастамаларына қайран қаламын. Семей ядролық полигонын жаба отырып, Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада өңір құруға ұмтылу қасиеті үлгі аларлықтай», - деді сарапшы.
С. Чаудхуридің айтуынша, Қазақстан ірі шаралар өткізу арқылы әлемді біріктірді, «АТОМ» жобасы іске қосылып, бүгінде парламентарилер мен жетекші дін қауымдастықтарының басын біріктіріп отыр.
Сондай-ақ, сарапшы, Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне тағайындалуы кеңестің реформаларын кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Семей ядролық полигонының зардабы мыңдаған адамдардың тағдырына әсер етті. Алайда, сынақтың жабылуы туралы Елбасы Н.Назарбаевтың шешімі бұқаралық жоюға қарсы шығудың алғашқы мысалы болды, және ол үлгі аларлықтай.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
