Мазмұнға өту

Жаңа

өзіміздің қазақи сипатқа жақын фильмдер

«Айман-Шолпан», «Көзайым», «Шекара шегінде» сериалдарын күтіңіздер. Түрік фильмдеріне телміріп, олардың қиын есімдерін айта алмай жүргенше «Қазақстан» ұлттық арнасы ұсынған отандық телесериалдарды көріңіздер. Олардың сюжеттік таспасы мен мән-мағынасы және мазмұны өзіміздің қазақи сипатқа неғұрлым жақын және түсінікті. Ауыл мен қала өмірі, өзімізге таныс жерлер мен таныс актерлер қысқасы сіздерге ұнауы керек. Жақын арада Ұлттық арна эфирін жіберіп алмаңыздар.

0
0
381

Мега жоба жақын күндері өздеріңізге ұсынылмақ.

Жаңа телемаусымның ең үлкен жаңалығы - «МузАРТ LIVE» жобасы. Мега жоба жақын күндері өздеріңізге ұсынылмақ. Онда соңғы он жыл бойы сіздерді әнмен тербеген топтың мүшелері бүкіл қазақстаннан өздері секілді талантты жастарды іздейтін болады. Бұдан бөлек күнделікті берілетін бағдарламалар «Таңшолпан», «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев», «Бірге таңдаймыз!», «Әйел бақыты», «Айтуға оңай...» жаңа қырларымен танылмақ.  Алдағы уақытта эфирден жіберіп алмаңыздар!

0
0
491

Қалған қызықты эфирден көріңіздер!

Көрермен мен билік арасындағы көпірді қысқарту. Қазақстан телеарнасының биылғы маусымдағы басты ұстанымы осы болмақ. ұстанымы болмақ. Билік пен халық арасын қысқарту ұшін эфирге апта сайын «Серпіліс», «Қоғамдық кеңес» және «Сұхбат» бағдарламалары жол тартады.  Биылғы маусымнан тағы бір жаңалығы белгілі ақын Қалқаман Сарин жүргізетін «Ой-толғау» бағдарламасы болмақ. Оған еліміздің екі танымал тұлғасы қатысып, көптеген тақырыптарға қатысты пікрі білдіріп, ой бөлісетін болады. Қалған қызықты эфирден көріңіздер!

0
0
293

Посттарымды оқи жүріңіз!

Қазақстан РТРК АҚ ұжымы Алматыда жаңа телемаусымның жобаларын таныстырды. Оған телевизия саласының майталмандары мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Биылға телемаусымның жөні бөлек. Өйткені Тв нарықта бәсекелестік артып келеді. Радио, Тв лар қатары артып келеді. Дегенмен Ұлттық арна мен оған қарасты телерадиоарналардың орны бөлек. Бүгін жаңа туындылар туралы толығырақ жазатын боламын. Посттарымды оқи жүріңіз!

0
0
399

Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

А.ж. 5 қыркүйекте Ақмола облысы қазынашылық департаментінің ұжымымен «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Д. Каконов қатысты. Кездесу барысында Д. Каконов тыңдаушылардың назарын Қазақстан Қеспубликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысына, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдеріне аударды. Сонымен қатар, спикер ұжымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың 2015 жыл бойынша…

0
0
254

Ішкі саясат басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

А.ж. 5 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу   басқармасының қызметкері Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында С. Беккажанова қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ұғымын  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмысын әрі қарай жалғастыру туралы және Департаменттің қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа бағытталған жұмыс туралы әңгімеледі.

Іс-шара соңындақатысушылар сауалнама толтырды және қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
275

«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» тақырыбындағы кітап көрмесі

А.ж. 24 тамызынан 7 қыркүйегіне дейін Астраханка ауылының орталық аудандық кітапханасында  «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» кітап көрмесі өткізілуде.

Кітап көрмесі тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы туралы ақпараттандыруға,  өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз көзқараста тәрбиелеуге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға тартуға бағытталған.

Көрмеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңдар  бойынша кітаптар, кітапшалар және газет-журналдардың мақалалары мен құқықтық актілер, сондайақ, Қазақстандағысыбайлас жемқорлықтың ауқымын және оған қарсы күресті сипаттайтын деректі материалдардың сюжеттері қойылған.

Департамент госслужбы

0
0
1942

«Атамекен» ҰКП 170-тен астам ШОБ жобасын қаржыландырды

ШОБ-ті шағын несиелеу аясында 170 жоба 790 млн теңгеге қаржыландырылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Нұржан Әлтаев мәлімдеді. «29 тамыздағы жағдай бойынша бізге 1,827 млрд теңгеге 340 өтініш келіп түсті, оның 260 өтініші яғни 1,114 млрд теңгесі мақұлданды», - деді ол. Н.Әлтаев кәсіпкерлікті жаңа жағдай бойынша қаржыландыру ұсыныстарын айтты. Оның айтуынша, бұқаралық электрондық мәліметтер базасын ашқан жөн. ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, және де, 2016 жылдың 3 қыркүйегі, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтің төрағалық етуімен, Шанхай қаласында ҚР мен ҚХР арасындағы индустриалды-инновациялық әріптестікті жандандыру мәселелеріне қатысты Қытай елінің белді бизнесмендерімен Қазақстан-Қытай дөңгелек үстелі өткенін, онда «Атамекен»…

0
0
349

Қ.Бозымбаев: «Шелл» компаниясының тәжірибесі ҚР-да әртараптандырылған энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қолдарын қойды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі. Меморандум мақсаты Қазақстан Республикасының энергетикалық саласы алдында тұрған стратегиялық бастамаларды іске асыру үшін ықтимал мүмкіндіктерді бірлесіп зерделеу болып табылады. Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді өзара пайдалы әріптестікті нығайтуға бағытталады және одан арғы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтайды. Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президенті Сауат Мыңбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рүстем Сүлейманов және «Шелл» концернінің мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Э…

0
0
251