Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

2016 жылы Ұлттық қор мен БЖЗҚ шамамен 575 млрд теңгені кәсіпкерлерді ынталандыруға бағыттайды

Ұлттық қор мен БЖЗҚ есебінен кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін 2016 жылы барлығы шамамен 575 млрд теңге қарастырылған, деп Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Нұрлы жол» Мембағдарламасы мен Дағдарысқа қарсы жоспар аясында маңызды бағыттардың бірі кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып келеді. Ұлттық қор мен БЖЗҚ есебінен кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін 2016 жылы барлығы шамамен 575 млрд теңге қарастырылған»,-деді ол.

Ведомство басшысы айтып өткендей, бұл қаражаттар инфрақұрылымды қорытындылауға, жаңа инвестициялық жобаларды несиелендіруге, айналымдағы капиталды қаржыландыруға және экспорттық операциялар мен қарыздарды жетілдіруге бағытталған.

«Бүгінгі күні қарастырылған қаржыдан ЕДБ мен қаржы институттарында шамамен 333 млрд теңге орналастырылған, оның ішінде 141 млрд теңгені кәсіпкерлер алды»,-деп толықтырды сөзін министр.

«2016 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша толық игеру қамтамасыз етіліп, дағдарысқа қарсы  шаралар толық орындалады.  Тауарлар мен қызметтерге бағаның негізсіз өсуі тоқтатылады. Жалпы, экономикадағы оң өзгерістерге орай, біз ЖІӨ өсімін жоспарланған 0,5 пайызда күтіп отырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, Дағдарысқа қарсы жоспар аясында Үкімет  кәсіпорындарды қолдау үшін бірқатар шаралар қабылданды:  ТЖ көлігі мен электр энергиясына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ, ведомство  басшысы айтып өткендей, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар нәтижесінде 170 мың жұмыс орны сақталды, оның ішінде 114 мыңы тұрақты. Жалпы, қабылданған шаралар 5 пайыз деңгейінде тұрған жұмыссыздықты өсірмейді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
210

Осы тақырып бойынша