ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

8 жылда алғаш рет Ұлттық Банк 12% төлем бойынша 1 жылдық мерзіммен теңге нотасын шығарды

8 жылда алғаш рет Ұлттық Банк 12% төлем бойынша 1 жылдық мерзіммен теңге нотасын шығарды. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Әкішев мәлім етті.

«Біз банк секторында дағдарыстан өттік, бизнес пен халықты валюта нарығындағы жаңа шарттарға бейімделуін қамтамасыз еттік және ойын ережелерін түсіндірдік, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін теңестірдік. Осыған орай, тауар бойынша және қызмет көрсету саласында импорттық алмастыру өсу үстінде»,-деді Ұлттық банк басшысы.

Д. Ақышевтің айтуы бойынша, өткен жұмада 8 жылда алғаш рет Ұлттық Банк 12% төлем бойынша 1 жылдық мерзіммен теңге нотасын шығарды.

«Бұл құралға сұраныс 4 есе болды, алайда бұл жолымыздың бастамасы. Экономикалық өсімнің бәсендеп жатқан жағдайында және экономикалық өзектілікті қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды қолдану жағдайында, менің ойымша, Ұлттық қордың басым тапсырмаларының бірі – бұл банк секторы жағдайын елдің экономикалық қажеттіліктерін қаржыландырудың маңызды секторы ретінде ғана емес, оны экономикалық өсудің негізгі қозғаушысы ретінде қалпына келтіру керек»,-деді ол.

«Сананы долларсыздандыру бойынша белгілі бір қадамдар қабылданды. Мысалы,  теңгеден басқа, басқа валютамен бағаларды көрсетуге тыйым салынды»,-деді Д. Ақышев.

ҚР Ұлттық банк басшысының айтуы бойынша, мемлекеттік органдардың сөз сөйлеуі мен ақпаратында шетел валютасының баламаларын қолдануға тыйым салу керек.

«Сананы долларсыздандыру мысалы – Олимпиада жеңімпаздарына сыйақыны берген кездері шетелдік валютамен сомманы көрсету, алайда оны теңгемен жазуға болар еді. Теңгемен өмір сүру мен ойлауға ұмтылыс ақпараттық идеялық бағыттың бірі болуы тиіс және оны біз Президент Әкімшілігі және Үкіметпен іске асыруға дайынбыз»,-деді Д. Ақышев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz