Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Н. Назарбаев: Үкімет елдегі шағын несиелендіруді кеңейту бойынша шаралар қабылдауы керек

Үкімет елдегі шағын несиелеуді кеңейту бойынша шаралар қабылдауы керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Бұқаралық кәсіпкерлік мәселесі – басым  бағыттардың бірі, 6 жылдан бері БЖК-2020 бағдарламасы жұмыс істейді, оның аясында  270 млрд теңгеге ондаған мың ШОБ субъектісі қолданды. ЖҚЖК-2020 жүзеге асырылып жатыр, 5 жыл ішінде 450 млрд теңге бөлінді, биылғы жылы 218 млрд теңге бөлінді», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев айтып өткендей, бүгінде бұл бағдарламалардың аясында жұмыспен қамту жүзеге асырылып жатыр, 722 мың адам жұмыспен қамтылды, 518 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Біз одан әрі бағдарламаларды дамытып, жетілдіру қажет. Бүгінде Үкіметке шағын несиелендіруді кеңейту бойынша шаралар қабылдауы керек», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өзін өзі жұмыспен қамтылғандардың  60 пайызы ауылда тұрады, осы орайда жұмыспен қамту бағдарламасы ауылдық жерде жұмыс ашу бойынша пилоттық жобаларды іске қосты, оған 10 млрд теңге бөлінді.

«Бұл пилоттық жобалар Ақтөбеде, Қызылордада, ОҚО мен Жамбыл,Алматыда жүзеге асырылады», - деді Елбасы.

«Индустрияландырудың жаңа кезеңіне байланысты экспорттық әлеуетті әртараптандыру. Барлық Үкімет, барлық әкімдер экспортқа мақсат қоюы керек. Оңтүстік Кореяда осының арқасында экономиканы шығарып алды. Барлық ел жұмыс жасады, ал біз өнімдерімізді экспортқа жіберу үшін жұмыс жасауымыз керек. Біз индустриалды бағдарламаның екінші бесжылдығына кірістік. Таңдалған жобалар сапасын жоғарылатуымыз керек»,-деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, жаңа бесжылдық шикізат өнімін қамтамасыз етуі тиіс.

«Бұндай кәсіпорын бізге қажет. Жобаны таңдау барысында экспорттық әлеует, жоғары өнімділік, инновация негізгі критерилердің бірі болуы тиіс. Үкіметке аталмыш бағдарламаны қосымша 112 млрд теңге көлемінде қаржыландыруға тапсырма беремін»,- деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сөз барысында Қытай Халық Республикасымен келісім бойынша «Жібек жолының экономикалық белдігі» атты әртараптандырудың маңызды бағыты болуы тиіс екендігін айтып өтті.

«Қазақстан-Қытай жобаларының 51-нің тізімі жасалды. 2015 жылы 64 млн теңгенің 2 жобасы болды, биыл 2 млрд теңгенің 4 жобасы жоспарлануда. 2017 жылы-17 жоба, 2018-2020 жылдары-33 жоба жоспарланған. Соңғы келіссөздер расталды. Бұл жобалар қосылған құн түрінде жақсы экономикалық тиімділіктер мен жаңа жұмыс орындарын береді»,-деді Н.Назарбаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
197

Осы тақырып бойынша

Н. Назарбаев: Үкімет елдегі шағын несиелендіруді кеңейту бойынша шаралар қабылдауы керек - Yvision.kz