Өмір......!
Өмір жайлы,
Көп айтады адамдар.
Назын айтып,
Өкпелейді өмірге.
Еске алады,
Өкпе арызын төгуге.
Еске алады,
Қара бұлт кеп төнгенде,
Аспанынан шырақ нұры сөнгенде.
Бар айнала, тасталқан болып жатқанда.
Еске алады,
Бар күнәні төгуге.
Тырыспайды, ашық күнді көруге.
Айналаға мейірімін төгуге.
Түрлі-түсті ғажап мына дүниеде,
Мән бермейді әсем сұлу өмірге.

