Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және бала тәрбиесі

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын жүзеге асыру аясында және Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»-не сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы білім беру мекемелерінің тәрбие жоспарларына енгізілді.

Осыған орай, 2016 жылдың 13 – 16 қыркүйек күндері Департамент Орал қалалық білім беру бөлімі мен «Заман» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, мектептің бастауыш және жоғарғы сыныптарының ұстаздарына, колледж  және жоғарғы оқу орындары оқытушыларына арналған семинар-кеңестер өткізді.

Өткізілген шаралардың басты мақсаты білім беру бағдарламаларына енгізілген өзгерістердің мағынасын, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жалпы адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа белсенділікпен қарсы тұруға дайын тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін түсіндіру болып табылады.

Семинар-кеңестер барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы қызметкерлерімен тәрбиелік шараларды ұйымдастыру жолдары түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қатысты өз пікірлерін білдіріп, өздерінің сабақ беру әдістерімен бөлісті.

     
0
0
2153

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және бала тәрбиесі - Yvision.kz