Мазмұнға өту

Жаңа

Жамбыл облысында соңғы 10 жылда 4 миллионнан астам шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салу жоспарланған

Жамбыл облысында соңғы 10 жылда 4,5 миллион шаршы метрлі тұрғын үй салу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігі. Осы бағдарламаның ерекшелігі – құрылысқа қаражат Ұлттық қордан бір ақ рет 20 жыл мерзімге арнап бөлінеді. Әрі қарай қаражат 2 жыл ішінде айналымға түсіп, банк салымшылары тұрғызылған тұрғын үйлерді сатып алғаннан кейін құрылысқа қайта пайдаланылатын болады. Осы мақсаттарға небәрі 149 млрд. теңге бөлінген. Оның 22 млрд. теңгесі Банк салымшыларын кредиттеуге жіберілсе, 127 млрд. теңгесі «Бәйтерек» басқарушы Холдингіне әлеуметтік тұрғын үй құрылысы үшін жіберіледі. Ақша екі бағыт бойынша: 67 млрд. теңгесі жергілікті атқарушы органдары арқылы және 60 млрд. теңгесі «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы бөлінеді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бөлінген…

0
0
382

Облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Ағымдағы жылдың 16-20 қыркүйек күндері аралығында республика көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетін болады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын, оның ішінде түнгі уақытта жасалатын қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ, жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта себепсіз жүрмеуін қадағалау, олардың түнгі уақыттарда ойын-сауық орындарда болуына жол бермеу, жасөспірімдерді құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау болып табылады. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдарының, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, ата-аналар комитеттері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін қатыстыру жоспарланып отыр. Іс-шара аясында көңіл көтеретін орынд…

0
0
365

Сенатта кадрлық өзгерістер болды

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болып, депутаттар бірқатар кадрлық өзгерістерді жүзеге асырды. Асқар Бейсенбаев өз өтініші бойынша Сенат Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады Сенат. Палата Төрағасының ұсынысы бойынша Бектас Бекназаров Төраға орынбасары болып сайланды. Сенат қаулысымен Талғатбек Абайділдин Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы, Икрам Адырбеков Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ақан Бижанов Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметтерінен өз өтініштері бойынша босатылды. Қ.Тоқаев тұрақты комитеттердің бұрынғы төрағаларының жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті және олардың еліміздің заң шығару жүйесін жетілд…

0
0
472

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылайтын ұлттық комиссия құрылуы мүмкін

Жол көлік апаттарының салдарынан болатын қайғылы оқиғалардың санын азайту бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта жол ережесіне қатысты ұлттық бағдарлама дайындалып жатыр. Оның ішінде жол қауіпсіздігін бақылайтын ұлттық комиссия құру жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Теxникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Канешев мәлімдеді. «ББҰ-ның 2010-2020 жылдарға арналған жол қауіпсіздігі бағдарламасы бар. Біз де жол ережесіне қатысты заңнаманы жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Үкімет ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жол ережесіне қатысты ұлттық бағдарламаны жыл соңына дейін әзірлеп бітіруді тапсырған болатын. Бұл бағдарламаның құрамына бірнеше маңызды компоненттер кіреді. Оның ішін…

0
0
305

Алматыда «AlmatyBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылды

Алматыда «AlmatyBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылды. Бұл жобаны «Самрұқ -Қазына» АҚ-ның қаржылық қолдауымен қалалық әкімдік жүзеге асырып отыр, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Қала әкімшілігі ғимаратының жанына орналасқан велосиед станциясын мегаполис әкімі Бауыржан Байбек алғашқылардың бірі болып тестен өткізді. «Бұл - Алматының 1000 жылдығын мерекелеу қарсаңында қалалықтарға жасалған жақсы тарту. Бүгінгі күні көліктің бұл түрі көпшілікке кеңінен танымал, велосипед үшін қалада лайықты инфрақұрылымдар, жеке веложолдар жасалған. Велосипед, автобус қозғалыстары мен метроны одан әрі дамыту жеке көлікті шектеуге ойдағыдай ықпал етеді», - деді Б.Байбек. Автоматты жүйе болашақта қаланың туристік тартымдылығын күшейтіп, тұрғындардың денсаулығына да оң ә…

0
0
566

ҚР СІМ: Қараша айында көліктік-логистикалық саладағы австриялық компаниялар тобы Қазақстанға сапарлап келеді

Венада «Транскаспий сауда-транзиттік дәлізі» тақырыбында форум өтті. Форум жұмысына Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан,Түркия және Австрияның мемлекеттік және жеке секторларының өкілдері қатысты. ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, форумды Австрияның Экономикалық палатасы ұйымдастырды. Шараның ашылу салтанатында АЭП вице-министрі Рихард Шенц 2016 жылдың қараша айында қазақстандық бизнес серіктестігінің мүмкіндіктерін білу үшін Қазақстан мен Қытайға көліктік-логистикалық саладағы австриялық компанияның таныстыру миссиясының жіберілуі жоспарланып жатқандығын айтты. Қазақстан елшісі Қайрат Сарыбай форум қатысушыларына «Ұлы Еуразия» тұжырымдамасы, «Ұлы Жібек жолының» жандануы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат және «Еуразиялық трансқұрлық дәлізі» мультимодельдік көлік дә…

0
0
293

Street Workout фестивалі

А.ж. 14 қыркүйекте № 1 Егіндікөл орта мектебінің спорт алаңында Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Адалжол – Честный путь» марафонына орай  StreetWorkout фестивалі (турникте, қырлы бөренелерде күрделі гимнастикалық жаттығулар орындау) өткізілді.

StreetWorkout – бұқаралық денешынықтырудың бір түрі, оған көшедегі спорт алаңдарында әртүрлі жаттығулар орындау кіреді. Іс-шараға Егіндікөл, Бауман ауылдарының спортшылары қатысты, ал басты қонақтары Қазақстан Республикасы StreetWorkout  одағының өкілдері және «Bar-Bars» спорттық-жаттығу клубының резиденттері болды.

Фестивальді аудан әкімінің орынбасары Зоя Қандыбайқызы Жұматова ашып, спортшыларға табыс тіледі. Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты. Жарысқа қатысушыларға ұйымдастырушлардан дипломдар, алғысхаттар  табыс етілді.
Департамент госслужбы

0
0
263

Н.Назарбаев: ТМД өзінің өміршеңдігін, тиімділігін және перспективалылығын дәлелдеді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы біздің елдерді жақындастыратын бірегей алаң болып табылады. Достастық өзінің тұрақтылығын, мақсаттылығын және келешегінің зор екендігін дәлелдеді, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтіп жатқан ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысында. «1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясы арқылы негізі қаланған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бүгінде елдерімізді жақындастыра түсетін бірегей алаң болып қала береді. Біздің Достастық жұмысын жалғастырып және болашаққа деген жоспарларды іске асыра отырып, өзінің өміршеңдігін, тиімділігін және перспективалылығын дәлелдеді. Сондай-ақ, Достастықтың тәжірибесі ЕАЭО және ШЫҰ тәрізді интеграциялық ұйымдарға да септігін тигізді. Осылайша, Алматыда 1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД-ның құрылуы зор тарихи…

0
0
287

Қазақстан кітапхана қорын сандық форматқа ауыстыру арқылы мәдени мұраға қамқорлық жасап отыр – Пентелей

Астана қаласында өтіп жатқан Халықаралық Конгресте Молдавия Республикасының Ұлттық кітапхана директоры Елена Пентелей қазақстандық кітапханаларда қолданысқа ие болып отырған жоғары технологияларға деген таңданысын айтты. «Бүгінге дейін Қазақстан кітапханалары туралы біздің басылымдардан біліп отырдым. Бүгін мен олардың жетістіктеріне қатты таңданып отырмын. Кітапхана қорларының сандық форматқа аударылуы Қазақстанның өз мәдени мұраларына деген қамқорлығын көрсетеді. Яғни, интернетке қолжетімді болса, адамдар 24 сағат бойы Қазақстан кітапханаларының қорына қолжетімді бола алады. Бұл мені қатты қызықтырады және өз басым Ұлттық электронды кітапханамыздың контентімен танысуға тырысамын. Сіздер сандық форматқа ауысуда жоғары технологияларды қолданасыздар, сонымен қатар, ғылыми жұмыскерлеріңізге…

0
0
1128

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы практикалық тұрғыда қолдану

А.ж.13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығының базасында Ақмола облысының облыстық басқармаларының персоналды басқару қызметтері үшін «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың практикалық қолдануы» тақырыбындағы семинар-кеңес ұйымдастырды. Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бастығы Р.Братаева модератор болды. мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Г.Евниева «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы практикалық қолдану» тақырыбында сөз сөйледі; мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау туралы мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Исаев сөйледі. Семинар мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға ен…

0
0
357