ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қазақпын деп мақтанам

Шыңына да,

Қол жетпейтін асқардың

Қазақпын деп,

Өр кеудеммен мақтандым.

Асау мінез,

Бұрқап аққан тасқынға,

Қазақпын деп,

Жан дүниеммен жар салдым.

Жеті атасын жетік білген,

Ұл бар да,

Қазақпын деп,

Барша әлемге шаттандым.

 

Қиын-қыстау,

Кезең қалып алыста

Жаңа деммен,

Түстік біздер жарысқа.

Жүйрік ойлы,

Кең пейілді, әй Қазақ!

Шаба берші, шаба берші алысқа!