Мазмұнға өту

Жаңа

Т. Дүйсенова С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұжымына медициналық сақтандырудың негізгі қағидаларын түсіндірді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Алматыдағы жұмыс сапарының аясында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті Ғылыми кеңесінің отырысына қатысып, ЖОО оқытушыларына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (әрі қарай - МӘМС) негізгі қағидаларын түсіндірді. Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова МӘМС-ті енгізу – дамыған елдердің тәжірибесі бойынша мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігінің негізінде ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін қамтамасыз етіп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратынын, сонымен бірге, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын атап айтты. Сондай-ақ, МӘМС жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медиц…

0
0
848

Алматыда туберкулезбен күрес мәселелері талқылануда

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен туберкулезді біріктірілген бақылау бойынша Халықаралық конференция (әрі қарай - Конференция) өз жұмысын бастады. Шараға ҚР ДСӘДМ, Орталық Азия, Қытай, Белорусь, Ресей, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея туберкулезбен күресу ұлттық орталықтарының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ), USAID, ЖИТС/АИТВ, туберкулез және безгекпен күрес бойынша жаһандық күрес қорының, Project HOPE халықаралық ұйымының, АҚШ Ратгерс Университетінің аурулардың алдын алу мен оны бақылау орталығы және өзге де халықаралық үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Өз кезегінде Тамара Дүйсенова конференция қатысушыларына Қазақстандағы туберкулезбен күресу шаралары туралы мәлімдеді. «Мемлекет басшысының Туберкуле…

0
0
356

Го Чок Тонг: «Қазақстан-2050» мен «Нұрлы жол» - елдің табысты дамуының келешегі

«Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Нұрлы жол» мемлекеттің бағдарламасы - Қазақстанға одан әрі табысты даму жолында бағдаршы болады. Бұл туралы Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонг Парламент сенатының депутаттары алдында айтты. «Соңғы жарты ғасырдағы дамыған тәуелсіз елдердің тәжірибесін ескере отырып, мен өзім үшін бір шешімге келдім, білікті басшылық пен ұйымшыл халық ел дамуының басты кепілдігі болып саналады. Мықты көшбасшы адамдарды біріктіріп, оларды мақсатты жұмыс істеуге бағыттайды. Сингапур жоспарлау жағынан келгенде бірегей ел. Біз үлкен мұхиттағы шағын мемлекет бола тұра популизм негізінде қызмет атқарған басшылыққа билікті бере алмаймыз. Қазақстанның артықшылығы ел басында білікті, көреген Нұрсұлтан Назарбаевтың болуы. Бұл маңызды мәселе»…

0
0
569

Е.Ыдырысов ИЫҰ мүшелерін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ислам ұйымын қолдауға шақырды

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ғылым, технология және инновациялық заңнамалар мәселелері бойынша Азия Парламентаралық форумына қатысушы мемлекеттерді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ислам ұйымын қолдауға шақырды. «Мен барлықтарыңызды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша Ислам ұйымын қолдауға шықырамын. 31 мемлекет осы ұйымның жарғысына қол қойды, ал 5 мемлекет жарлықты ратификациялады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ислам ұйымы толықтай жұмысқа кірісу үшін тағы 5 мемлекет керек. Сол себепті осы мәслихатқа қатысып жатқан мемлекеттерге ұйымның жарлығын бекітуге шақырамын»,-деді Е.Ыдырысов. Аталмыш ұйымға сауда операцияларын өзектендіруден басқа, мүше елдердің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайту және дамыту кіреді , сонымен қа…

0
0
441

Грекия Қазақстанда оңалту орталығын салуды жоспарлап отыр

«KAZNEX INVEST» АҚ мен «EVEXIA» компанияларының басшылары Қазақстан-Грекия бизнес форумы барысында Қазақстанда оңалту орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Астанада екі елдің лауазымды тұлғалары және іскер топтардың қатысуымен Қазақстан-Грекия бизнес форумы өтті. Форум аясында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанда оңалту орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойылды. «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Борісби Жанғұзаровтың айтуынша, «EVEXIA» атты ірі грек компаниясы Қазақстанда оңалту орталығын салуға қызығушылық танытуда. «Бүгінгі күні ол танымал қызметтің түріне айналуда. Бұл компания осы салаға оңтайлы тәжірибе әкелуі…

0
0
487

Д.Мардас: Грекия Қазақстанмен астық өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға мүдделі

Грекия Қазақстанмен астық өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға мүдделі, деді Грекияның сыртқы істер министрінің орынбасары Дмитрис Мардас Астанадағы Қазақстан-Грекия бизнес форумы барысында. «Бүгін екі елдің жүзден астам кәсіпкері бас қосты. Біз 6 жыл экономикалық құлдыраудан кейін Грекияда тұрақты инвестициялық жағдайды орната алдық. Бұл Астанаға келген біздің алғашқы сауда миссиямыз. Мұндай кездесулерді одан әрі жалғастыруға ниеттіміз. Біздің келесі кездесуіміз нақты мәселелерге арналуы мүмкін», - деді Д.Мардас. Ол айтып өткендей, бірқатар салаларда екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға болады. Алайда, Грекияның ерекше қызығушылығын астық өнеркәсібі тудырып отыр. «Әрине, біз астық өнеркәсібіне үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Бұл біз белсенді дамытып жатқан салалардың бірі, бұл салада жоғ…

0
0
403

Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналым 1 млрд долларды құрады

2015 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналым 1 млрд 400 млн долларға жетті, деп «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғұзаров Қазақстан-Грекия бизнес форумы барысында айтты. «Тараптар арасында тауар айналымы 2015 жылы 1 млрд 400 млн долларды құрады.Өсуге бірқатар мүмкіндік бар, грекиялық экономика соңғы болған оқиғалардан кейін қалпына келуде»,-деді Б. Жанғұзаров. Оның айтуынша, Қазақстанда оншақты грекиялық компаниялар жұмыс істейді. Олардың ең ірісі құрылыс саласында қызмет етеді. «Грекия көптеген компаниялармен әйгілі және олар азық-түлік саласында жетістікке жеткен. Оларға ет-сүт өндірісін де кіргіземіз және ол индустриялық-инновациялық дамуда мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып табылады»,-деді Б. Жанғұзаров. Сонымен қатар, форум аясында Қазақстан эконо…

0
0
541

Ninety One тобының мүшесі – Данияр Құлымшаның (BALA) ата-анасымен эксклюзивті сұхбат

Барлықтарыңызға сәлем! Сіздермен бірге Амангелді! Бүгінгі блог бір жыл ішінде мыңдаған жанкүйер тыңдарман жинап үлгерген аты шулы Ninety One тобына арналмақ. Нақтырақ айтқанда 91 тобының жетекші вокалисті, топ кенжесі – Bala-ның, яғни Данияр Құлымшаның әкесі – Ақылбай Өсербайұлы Құлымша мен анасы – Әлия Назарғалиқызы Қадірмен жүргізген сұхбатыммен бөліскелі отырмын. Бұл сұхбатты алуымның себебі мен бұл топтың өнерін сүйіп тыңдайтын қырандардың (EagleZ) бірімін. Даниярдың анасымен танысуыма алдағы жазған мақалам себепші болды. Орыс тілді EagleZ'дер үшін арнайы блог - Для русскоязычных EagleZ! Ал енді көп сөзді қойып, сұхбаттың қалай өрбігендігі жайлы айтайын: Ең алдымен жалпы өздеріңіз бен отбасыларыңыз жайлы айтып берсеңіздер: Отбасымыз жайлы айтатын болсам, отағасы, Даниярдың әкесі – Ақы…

15
6
10791

Қазақстан мен Грекия экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды

Астанада экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысының хаттамасына қол қою рәсімі өтті. «Үлкен жұмыс атқарылды, нақты құжатқа қол қойылды және ол келесі жылға басым бағыттар бойынша жұмыс жоспарын анықтайтын болады. Ауыл шаруашылығы, фармацевтика, энергетика, туризм және көлік саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларына үлкен назар жасалынған. Біздің ойымызша, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндігі орасан зор»,-деді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко. Оның айтуы бойынша, аталмыш кезеңде екі ел арасындағы тауар айналым Қазақстанның Грекияға, Грекиядан Қазақстанға жасаған экспортының 99 пайызынан құралған. Өкінішке орай, аз тауар жіберіледі. «Біз экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тырыс…

0
0
435

Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Қазақстан мен Грекия екі ел арасында әуе қатынасын орнату бойынша меморандумға қол қояды. Бұл туралы Қазақстан-Грекия экономикалық және теxнологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысында ҚР Сыртқы істер істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді. «Бүгін біз Қазақстан мен Грекия әуе қатынасы туралы келісімге қол қоюы туралы келістік.Қазақстандық туристердің Грекияға демалуға барар кезде біраз қиындықтарға тап болатыны белгілі. Себебі, Грекияға тікелей ұшатын әуе рейсі жоқ. Сондай-ақ жазда чартерлік әуе рейстерінің саны аз», - деді басшы. Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан мен Грекия тарапы әуе қатынасы бойынша келісімге келуге дайын екендігін айтты. Сондай-ақ, Р.Василенко айтқандай, күн тәртібінде тағы екі экономикалық келісім орнату көзд…

0
0
795