Жүрекке жақын мамандық таңдау — өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау
Қазір мен биология факультетінің екінші курс студентімін... Мектеп кездерін есіме алсам, өзімді болашақта қай мамандық иесі болатынымды жоғары сыныптарда нақты білетінмін. Cол кезде өзімді дәрігер ретінде ғана елестетуші едім. Білмеймін, мүмкін, ата-аналарымның қалауы бойынша ма, әлде балабақшада жыл сайын жаңа жылда “Айболиттің” рөлін атқарғандығымнан ба, әйтеуір, биологияны орта сыныптардан бастап сүйіп ерекше көңіл бөлуші едім. Сол кезде күдіктеніп жүргенмен, университетке түскенде осы мәселе нақты шешіледі деген ойда болдым. Ал қазір болса ол мәселе одан әрі қара шиеленесе түсті. Алдымда бірнеше таңдаулар бар және олардын қайсысын таңдау маған бір маңызды мәселеге айналды: мұғалім боламын ба, әлде лаборант, немесе ғалым болып оқуды неге жалғастырмаққа секілді ойлар жиі кездеседі. Бәлк…