Мазмұнға өту

Жаңа

Еңбек мерекесі – елдің берекесі

2016 жылдың 24 қыркүйек күні Ақжайық ауданында Еңбек күніне арналған «Еңбек мерекесі – елдің берекесі» атты шара өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты тәлімгерлердің жастарға жұмыстарын үйлестіруге тәжірибелік көмек көрсету, сонымен қатар идеологиялық және тәрбиелік жұмыстарды жаңғырту, жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін шыңдау, тәртіппен заңдылықты нығайту болып табылады.

Шараға ауданның еңбек ардагерлері, жас мамандары және Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысты.

Салтанатты шара барысында түрлі саладағы үздік жұмысшылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Шара мәдени-көпшілік шаралармен жалғасты.

0
0
1906

Еңбек мерекесі – елдің берекесі

24 сентября 2016 года в Акжайскском районе было проведено мероприятие на тему: «Еңбек мерекесі – елдің берекесі» приуроченный ко Дню Труда.

Целью данного мероприятия является оказание наставниками методической и практической помощи молодому поколению в организации их работы, а также совершенствование идеологической и воспитательной работы, повышения профессионализма молодых сотрудников, укрепление дисциплины и законности.

В мероприятие приняли участие ветераны труда, молодые специалисты района и руководитель управления профилактики коррупции Департамента Б.Хайруллин.

В ходе торжественной части работники отличившиеся в разных сферах были награждены грамотами. Далее мероприятие нашло свое продолжение культурно-массовыми мероприятиями.

0
0
327

Теректер отырғызылды

2016 жылдың 24 қыркүйек күні Орал қаласының Астана жəне Жаңа Орда шағын аудандары арасында ағаштар отырғызылды. Шараға облыс жəне қала басшылығы, ардагерлер, «Көршілер-Соседи» халықаралық жастар лагерінің делегаттары, Департамент өкілдері жəне тағы басқалар қатысты.

0
0
332

Қ.Тоқаев: Сингапурдың экономикалық тәжірибесі -Қазақстан үшін маңызды үлгі

Сингапурдың экономикалық тәжірибесі 30 дамыған ел қатарына кіруді мақсат етіп жүрген Қазақстан үшін маңызды үлгі, деді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонгті жоғарғы палатада таныстыру барысында. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі, Құрметті жоғарғы министрі Го Чок Тонг сапарлап келді. Бүгін сапар аясында Парламент депутаттарымен кездесу мүмкіндігі туды. Биылғы жылдың көктем мезгілінде парламенттік делегацияның Сингапурға сапарлауы кезінде Сингапур Президенті Тони Там Кен Ям, Сингапурдың парламент спикері Халима Як және құрметті жоғарғы министрі Го Чок Тонгпен кездесулер өткізілген болатын. Кездесуде Го мырза Сенат депутаттары алдынд…

0
0
1038

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында республика сот жүйесінің дамуы туралы көрме жұмысы жалғасуда

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйектен бастап Астана қаласындағы тәуелсіздік сарайында «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты көрме өз жұмысын бастады. Бүгінде көрмені елорданың 1100-ден астам тұрғыны мен қонақтары тамашалап үлгерді. Олардың арасында жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, жоғары сынып оқушылары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері бар. Көрмені Жоғарғы Сот ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VІІ съезіне орай ұйымдастырды. Оның мақсаты – тарихи мұраны көпшілікке таныту және жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу. Көрменің материалдары ежелгі дәуірдегі, кеңестік кезең мен тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан аумағындағы сот төрелігі жүйесі мен құқықтық мемлекеттің құндылықтарын баяндайды.…

0
0
594

Жоғарғы Соттың делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесінің жұмысына қатысты

А.ж. 22 қыркүйегінде Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесі өтті. Кеңес жұмысына Мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қ. Қыдырбаева бастаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы қатысты. Кеңеске қатысушылар өз елдеріндегі бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін қарастыратын заңнамалар, терроризм және экстремизмге қатысты қылмыстық істерді қарау тәжірибесі, сондай-ақ, заң күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты қайта қарау бойынша ақпаратпен алмасты. Кеңес қорытындысы бойынша делегация басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-delegaciyasy-shyu-ga-mushe-memleketterdin-zhogargy-sot-toragalarynyn-birin…

0
0
514

Астанада «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты тақырыптық көрменің ашылу рәсімі өтті

Астана қаласында «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты тақырыптық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Экспозиция Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы судьяларының VІІ съезіне арналған. Көрменің ашылуына Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми, жоғарғы сот органы алқаларының төрағалары, Астана қаласының соты және Әскери сот судьялары қатысты. Сонымен қатар, Судьялар одағының, жоғарғы оқу орындарының, мемлекеттік органдардың, Ұлттық музейдің басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, Бас редакторлар клубының, БАҚ және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қ. Мәми көрменің ашылу рәсімінде, іс-шараның мақсаты - республика аумағында ежелгі дәуірден бастап қазіргі күнге дейінгі сот төрелігінің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты көрсетуге, оның тарихи мұрасымен…

0
0
897

Жыл басынан бері қазақстандықтар 884,7 млрд. теңге сомасында зейнетақы төлемдерін алды

2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 195,3 млрд. теңге, ортақ  зейнетақы төлеу үшін 689,4 млрд. теңге бөлінді.

1 қыркүйектегі мәліметтерге сай базалық зейнетақыны 2 млн. 47 мың адам, ортақ зейнетақыны 2 млн. 20 мың адам алады.

Базалық зейнетақының мөлшері 11 мың. 965 теңгені, зейнетақының орта  мөлшері 55 мың. 49 теңгені құрайды (базалық зейнетақыны қоса есептегенде).

0
0
250

Т. Дүйсенова С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұжымына медициналық сақтандырудың негізгі қағидаларын түсіндірді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Алматыдағы жұмыс сапарының аясында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті Ғылыми кеңесінің отырысына қатысып, ЖОО оқытушыларына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (әрі қарай - МӘМС) негізгі қағидаларын түсіндірді. Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова МӘМС-ті енгізу – дамыған елдердің тәжірибесі бойынша мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігінің негізінде ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін қамтамасыз етіп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратынын, сонымен бірге, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын атап айтты. Сондай-ақ, МӘМС жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медиц…

0
0
542

Ұрпақтар сабақтастығы

Биылғы жылдың19 қыркүйегінде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университінде «СҚО бойынша «Жас Отан»Қоры» Корпоративтік Қоры ішкі саясат басқармасының қолдауымен жастар облысымыздың құрметті тұрғыны – Викторов Евгений Иванович пен кездесу өтті. Бұрында Евгений Иванович КазССР Исполкомының хатшысының орынабсары болды. Кездесу барысында Евгений Иванович өз өмірі жайлы айтып кетті. Сол жылдардағы киыншылықтары туралы айтты. Тәуелсіздік алар кездегі жағдай туралы, өз жанұясы мен өз жастық шағы туралы шолу жасап шықты. Кездесу соңында жастарға қажымас қайрат тілеп, олармен естелік фотосуретке түсті. Қамтылған адам саны 25. 19 сентября текущего года в Северо-Казахстанском государственном университете имени М.Козыбаева корпоративным фондом «Фонд «Жас Отан» по СКО при поддер…

1
0
473