Реал Мадрид сүйікті футбол клубым ғана емес, өмірімнің бір бөлшегі.
Алғаш рет, алтыншы сыныпта футбол көруді бастап едім. Сол кезде, тек ағылшын Премьер Лигасын теледидардан көріп, жиырма екі ойыншының футбол алаңында бір допқа таласып, ал жанкүйерлердің оларды қолдағаны маған өте ұнады. Кейін, интернеттің көмегімен басқа да мемлекеттердің футбол клубтарның ойындарын көріп, одан әрі қызыға бастадым. Сол сәтте, құрамында ерте кездерде Ди Стефано, Пушкаш, Сантамария, және кеше ғана әлемнің керемет футболшылары Луиш Фигу, Дэвид Бэкхэм, Зинедин Зидан, Рауль Гонсалес және Роналдо болған, Реал Мадрид атты корольдік клубпен таныстым. 114 жылдың ішінде, клуб керемет жетістіктерге жеткен: Ла Лиганы 32 рет, Испания Кубогын 19 рет, УЕФА Чемпиондар Лигасын 11 рет, Испанияның Суперкубогын 9 рет жеңген және сол сияқты т.б. табыстарымен мақтана алады. Олардың ойнайтын С…