Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумы өтіп жатыр

Астанада Азия парламентаралық форумы басталды. Шара ғылым, технология және инновация мәселелеріне арналады. Форумға 20 елдің Парламент өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ, алты халықаралық ұйымның мүшелері қатысады деп күтілуде. Аса маңызды шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕСКО) және Ислам даму банкі (ИДБ).Форум аясында Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) кіретін және кірмейтін мемлекеттерде ғылым, технология және инновация салаларында нормативтік-құқықтық база және ынталандырушы шаралар үлгісінде үздік зерттеулердің таныстырылымын өткізу көзделуде. Ауқымды шараның мақсаты – ИЫҰ мүше-мемлекеттердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту саласында әріптестікті нығайту. Сонымен қатар, ИЫҰ мүше-мемл…

0
0
713

Н.Нығматулин: Азия парламентаралық форумы ҚР-ның Ислам қауымдастығымен ынтымақтастығын нығайтады

Азия парламентаралық форумы ҚР-ның Ислам қауымдастығымен ынтымақтастығын нығайтады, деді Азия парламентаралық форумы барысында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин. «Қазақстанымыз әрқашанда әлемдік интеграция идеясын қолдап, көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді және беделді мүшесі атанды. Оның нақты дәлелі мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-ші – 2018-ші жылдарға арналған тұрақты емес мүшесі болып сайлануы. Осының барлығы, әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімі өте жоғары болуының жарқын көрсеткіші»,-деп атап өтті Н. Нығматулин. Мәжіліс Спикері Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап Азиямен, соның ішінде Ислам елдерімен ынтымақтастыққа аса мән беріп келе жатқанын айтып, соның нәтижесінде Ислам қауымдастығы…

0
0
358

Н.Нығматулин: Қазақстан әлем елдерімен жаңа технологияларды дамыту саласында ынтымақтасуға дайын

Қазақстан әлем елдерімен жаңа технологияларды дамыту саласында ынтымақтасуға дайын, деді Азия парламентаралық форумы барысында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин. «Қазіргі таңда Қазақстанда Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» іске асырылып жатыр. Бұл жоспарда көрсетілгендей, елде инновациялық саясат қоғамның бәсекелестігін өсірудегі экономикалық дамудың негізі болып табылады. Аталмыш жолда біздің ел индустриялды - инновациялық дамудың бесжылдығын жүзеге асырып жатыр, қазіргі таңда аталмыш бағдарламаның екінші кезеңі жүзеге асырылуда», - деді ол. Мәжіліс төрағасының айтуынша, біздің ел әлем елдерімен жаңа технологияларды дамыту саласында ынтымақтасуға дайын, Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы Ислам ынтымақтастық ұйы…

0
0
482

Қазақстан мен АҚШ жаңа салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри БҰҰ Бас Ассамблеясы 71-сессиясының алаңында Қазақстан-америкалық Стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының бесінші отырысын іске қосу үшін кездесті. Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қазақстан тәуелсіздігінің және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан мен АҚШ екі ел арасындағы бұрын-соңды болмаған тығыз стратегиялық серіктестікті атап өтті. Тараптар түрлі екіжақты және көпжақты алаңдарда ағымдағы екпінді ықпалдастықтың жаңа салаларын дамыту үшін қолдануға міндеттенді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған алғаш Орталық Азиялық мемлекет бола тұра, Қазақстан ортақ басымдылықтарды ілгерілеу мақсатында Құрама Штаттар…

0
0
732

Қазақстанда туберкулезбен күресуде барлық басым шаралар қолданылып жатыр - Дүйсенова

Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен туберкулезді біріктірілген бақылау бойынша Халықаралық конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Тамара Дүйсенова конференция қатысушыларына Қазақстандағы туберкулезбен күресу шаралары туралы мәлімдеді. «Мемлекет басшысының Туберкулезбен күрес ұлттық бағдарламасына саяси қолдау көрсетуінің, сонымен қатар, ведомствоаралық және салааралық өзара байланыс нәтижесінде соңғы жылдары елімізде аталған ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды. Халыққа туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің сапасын әрі қарай жетілдіру үшін Туберкулезді бақылаудың біріктірілген моделі жасалды. Ол аталған аурумен күрестің барлық басым бағ…

0
0
382

Қазақстанда ЖРВИ-дің алдын алу айлығы басталды

2016 жылғы 26 қыркүйек пен 28 қазан аралығында Қазақстанда жедел респираторлық вирустың, тұмау және пневмококты инфекцияға қарсы алдын алу айлығы өтеді. Айлық шеңберінде алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылып, азаматтар аталған аурулардың профилактикасы бойынша тегін кеңес ала алады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі, айлықты өткізудің басты мақсаты – халықты, оның ішінде ауруға шалдығу қаупі жоғары адамдарды, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді қоғамдық және жеке қорғану шаралары туралы, аурудың асқынуын алдын алу үшін уақытылы медициналық көмекке жүгінудің қажеттілігі туралы құлақтандыру. Тұмау – ауа арқылы жылдам таралатын, вирустық тұмаудан туындайтын жіті инфекциялық ауру. Аурудың қауіпті кезеңінде жоғарғы де…

0
0
518

Астанада «Нұр Отан» партиясының саяси талдау орталығы ашылды

«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығын жұртшылыққа таныстыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған орталық партия қызметтеріне талдау жасауды қамтамасыз етеді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. Орталық Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші саяси күш ретінде партияның идеялар генераторы қажеттігі туралы тапсырмасының нәтижесінде ашылды. «Белгілі «ой фабрикаларын» жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесін жан-жақты зерттеу негізінде бүгін жаңа орталық өз жұмысын бастайды. Осыған орай, біз әлемнің дамыған елдеріндегі ең жетекші партиялардың аналитикалық құрылымдарының жұмысын саралай келіп, сіздердің назарларыңызға жаңа орталықтың ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұл орталық Елбасымыз ұсынған қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси, стратегиялық бағ…

0
0
668

Сенат төрағасы орынбасарларының арасындағы міндеттерді бөлді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросы болды. Төраға өз сөзінде Палата қызметіндегі бірқатар ұйымдастыру мәселелерін жария етті, деп хабарлады Сенат. Атап айтқанда, Сенаттың кадрлық өзгерістерден кейін Қ.Тоқаев Парламенттің жоғарғы Палатасы Төрағасының орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлу туралы Өкімге қол қойған болатын. Бектас Бекназаровқа заңнамалық қызметті жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде Сенаттың жұмыс жоспарын әзірлеу және тұрақты комитеттердің заң жобаларымен жұмысын ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру жүктелді. Одан басқа, Б.Бекназаров Регламент және депутаттық этика жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады. Төраға орынбасарының қатысуымен комиссия жұмысы жалғаса береді. Сергей Громов Сенаттың мәслихаттармен өзара іс-қимылы, депутаттық топтардың қызметі…

1
0
318

Қызылордада мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды

Мерейлі мерекеде қызылордалықтарға Тәуелсіздігіміздің басты нышаны ретінде Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын «Рәміздер алаңында» Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн және биіктігі 60 метрлік қасиетті Мемлекеттік Ту орналастырылды. «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деп, Елбасы баса айтқан болатын. Сондықтан да, бүгін Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласының күніне орай, киелі «Алаштың анасының төрінен», өңіріміздің «Үлкен маржаны» саналатын Сырдарияның жағалауынан көк байрағымызды биікке көтеріп, «Мемлекеттік Рәміздер Аллеясының» ашылғандығын жариялаймыз,- деді Қ.Көшербаев. Жалпы құны 325 млн. теңгеден астам жоба ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында салынды…

0
0
2061

Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы

2016 жылдың 23 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының конференц-залында «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету бойынша еңбек күніне орайластырған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қоса, Департамент қызметкері Е.Төлепқалиев қатынасып. Шара барысында қатысушылар айлық шеңберінде еңбек идеяларын насихаттау мен жылжыту мақсатында концерттер, конкурстар, викториналар, ойындар бағдарламалары, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» тақырыбы бойынша көрмелер, дәрістер, кездесулер, еңбек ардагерлері мен мамандығы бойынша үздіктерді тарта отырып дөңгелек үстелдер, кәсіпорындарда ашық есік күні, экскурсиялар, мастер-кластар, спорттық іс-шаралар, аумақтарды санитарлық тазал…

0
0
521