Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық «Надежда» спартакиадасы

А.ж. 1 қазан күні Жарқайын ауданында «Адал жол-Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес облыстық марафонының шеңберінгде зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық «Надежда» спартакиадасын өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаттың насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді және тұрақты күрес.

Жарысқа  Державин қаласының зөейнеткерлері ғана емес, сонымен қатар ауданның ауыл округтарынан командалар келіп қатысты.

Жарыс қатысушыларына құттықтау сөзбен Жарқайың аудан әкімінің орынбасары А.Әлжанов және аудандық зейнеткерлер кеңесінің төрайымы Ө.Шұңғұлова сөз сөйледі. Спартакиада осындай спорт түрлері бойынша өтті: дойбы, шахмат, бильярд, дартс және үстел теннисі.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

0
0
286

Осы тақырып бойынша