Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

В.Путин: Ресей ҚР-мен тауар айналымын тұрақты өсім жағдайына келтіруге мүдделі

Ресей ҚР-мен тауар айналымын тұрақты өсім жағдайына келтіруге мүдделі. Бұл туралы РФ басшысы Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында айтты.

«Ресей үшін Қазақстан – стратегиялық серіктес пен одақтас. Біздің ынтымақтастығымыз  көпжоспарлы және ортақ көзқарас арқылы кезеңімен даму  үстінде. Біздің ынтымақтастығымыз сауда және инвестициялық байланыс бойынша жоғары деңгейге шықты», - В.Путин.

В.Путин хабарлағандай, күрделі жағдайда  екі елдің  іскерлік қауымдастығының  қолдауымен Ресей болашақта Қазақстанмен тауар айналымын тұрақты өсімге шығаруды қайта қайтару жолында еңбек етеді.

«Біз барлық бағыт бойынша өзара іс-қимыл жасаймыз. Сіздің бастамаңызбен өткізіліп отырған өңіраралық форумға Қазақстанмен бірлесіп тығыз жұмыс жүргізетін Ресейдің 400 бизнесмені қатысады. Бүгінгі форумның тақырыбы өңірдің көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды әрі пайдалы болмақ», – деді Ресей көшбасшысы.

«Қазақстанда бүгінде 9 млрд. доллар ресейлік капитал жинақталған,  ал Ресейге Қазақстаннан 3 млрд. доллар салынған», - деп мәлімдеді Ресей Президенті.

В. Путиннің айтуы бойынша, бірлесіп, 6 мың кәсіпорын құрылған, экономиканың барлық секторларында кооперация тереңдетілуде.

«Өткен жылдың өзінде ғана Қазақстанға ресейлік кәсіпорындардың 150-ге жуық делегациясы сапармен келген болатын. Қазақстан Ресейдің ТМД елдері арасындағы сауда әріптестері ішінде екінші орын алады, бұл алда әлі де ілгері жылжуға болатынын білдіреді», - деп атап өтті В. Путин.

2015 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 15,5 млрд. долларды құрағанын айта кетейік.

«Біз қазақстандық ұйымдастырушылар ауқымды жұмыс жүргізгенін көріп отырмыз.  Нұрсұлтан Әбішұлы,  Ресей  аталмыш шараларға белсенді түрде қатысады, Халықаралық көрмеде  100-ден астам шаралардың тең ұйымдастырушысы болуға әзір», - деді Ресей Президенті.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы өтуде. Форумға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысып жатыр.Форум аясында іскерлік кеңес өтіп, жалпы құны 25 млрд долларлық келісімдерге қол қойылады. Басқосуға Forbes және Global-2000 тізімдеріне енетін ірі компаниялардың жетекшілері шақырылған. Жалпы, қазір екі ел капиталының қатысуымен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
373

Осы тақырып бойынша