Бас прокуратура алименттер бойынша жағдайды өзгерте алатын 30 шара әзірледі
Алименттерді өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Бас Прокурор Жақып Асанов 3 жылдың ішінде алимент бойынша 13 мыңнан астам борышкерге елден шығуға, көлік басқаруға тыйым салынғанын атап өтті.
Бас прокуратурада сараптама тобы құрылды, ол алимент төлемеудің себептерін анықтады және «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын әзірледі, деп хабарлады ведомство.
Бас Прокурор жұртшылықты жобаның іске асырылуына қолдау көрсетуге және белсенділік танытуға шақырды.
Алименттер өндіріп алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстанда ортақ қамқорлық институтын енгізу ұсынылды.
«Әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша, алимент төлегісі келмеу себептерінің бірі борышкерлердің өз балаларымен араласу мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Сонымен қатар әкелер мен балалардың қарым-қатынасы қаншалықты тығыз болса, алимент төлемеу жағдайларының соншалықты сирек болатыны дәлелденген.
Ортақ қамқорлықтың мәні – ажырасқаннан кейін баланың ата-анасымен қарым-қатынасын сақтау. Бала қайда оқиды, қайда оқуға түседі, оқуына ақшаны кім және қалай төлейді – осының барлығы жұбайлар арасында талқыланады және келісіледі.
Әрине, шектеулер де бар. Ажырасу маскүнемдік, нашақорлық немесе отбасындағы зорлық-зомбылық себебінен болған кезде ортақ қамқорлық мүмкін емес.
Әлеуметтік сауалнамалар деректері бойынша, борышкерлердің 25%-ы егер балаларын жиі көруге және тәрбиесіне араласуға мүмкіндік берілсе, алименттер төлейтіндерін білдірді. Әйелдердің 60%-ы ортақ қамқорлық институтын енгізуге оң көзқарас танытты.
Сондай-ақ, неке бұзу процесіне медиатор-психологтарды тарту ұсынылды.
«Жағдайдың себептері жалпыға белгілі. Төлемеушілер арасында, аморалды өмір салтын ұстанатын адамдар – маскүнемдер, нашақорлар, тұрақты мекенжайлары жоқ адамдар көп. Борышкерлердің басымы, әсіресе ауылдық жерлердегі борышкерлер – жұмыссыздар», - деп атап өтті Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель.
Дегенмен, көпшілігі – табыстары бар адамдар. Олар саналы түрде алимент төлеуден жалтарып, еңбек құжаттарын ресімдемей, жалақыны «жасырын түрде» қолма-қол алып, табыстарын төмендетіп көрсетеді.
Кейбіреулері барынша алимент төлемеуге тырысады. Тіпті өз баласы мен әйелінің өміріне де қауіп төндіруден тартынбайды.
Орал қаласындағы 70 жасар кәсіпкер алимент төлегісі келмей, өзінің 8 жасар қызы мен бұрынғы азаматтық некедегі әйелін өлтіру үшін киллерге 5 мың доллар төлеген.
Полиция қылмыстың алдын алды, ашкөз әке мен оның сыбайласы 15 жылға сотталды.
«Айлакер» борышкерлер заңды айналып өтудің тәсілін бұрыннан игерген. Олар жалақысы төмен жұмыстарға орналасқан жағдайдарды мысалға келтіріп өттім. Содан кейін, заңды түрде балаларына 5-6 мың теңгеден аударып отырған. Бүгін бұл ақшаға баланы тамақтандыруға, киіндіруге бола ма?
Сондықтан баланың мүдделері басымды болуы тиіс деп ойлаймыз. Баланың жасына қарай алименттердің базалық мөлшеріне заңмен кепілдеме берілуі тиіс.
Борышкердің табысын да ескеруді ұсынамыз. Бірақ, тек мынадай принцип бойынша – еңбекақы қаншалықты жоғары болса, алименттердің минималды мөлшері соншалықты жоғары болуы тиіс.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
