«Нұрлы жол» аясында транзиттік әлеуетті жетілдіру үшін 95,2 млрд теңге бөлінді – ҰЭМ
«Нұрлы жол» аясында транзиттік әлеуетті жетілдіру үшін 95,2 млрд теңге бөлінді, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында.

«Транзиттік әлеуетті көтеру үшін 2020 жылдан бастап жылына 25 млн тоннадан 88 млн тоннаға жеткізіп, өткізу қуаттылығын 3-тен 7,6 млн адамға арттыру үшін бағдарлама аясында 95,2 млрд теңге қарастырылған, 2015 жылы 48,8 млрд теңге, 2016 жылы 46,4 млрд теңгені Боржақты-Ерсай, Алматы-Шу бағытындағы автожол құрылысына бағыттау қарастырылған», - деді ол.
Министр айтып өткендей, биыл бөлінген қаражат толық көлемде квазисектор компанияларының құзыретіне тиесілі, олар 34 млрд теңгені игерген болатын. Қалған қаржы жыл соңына дейін игеріледі.
«Макроөңірлерде өндірісті дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама арнайы экономикалық аймақтардың құрылысын жүргізуді қарастырған. Оның ішінде Атырау облысындағы Ұлттық индустриялды мұнай және химия технопаркі бар», - деді ол.
« «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бойынша экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін 18 млрд теңгенің 7 жобасы мақұлданды, оның ішінде 3 жоба 4,6 млрд теңгеге қаржыландырылды. Сондай-ақ, қосымша қарауда 22,4 млрд теңгенің 9 жобасы бар. Бұл қаражат кәсіпорындарды экспорт алдындағы қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді министр.
Министр айтып өткендей, Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның 45 млрд теңге қаражаты 145 млрд теңгенің жылдық экспортын қамтамасыз етеді. Бұл қаражат 32,5 мың жұмыс орны бар 17 кәсіпорынды қолдауға мүмкіндік береді. Аталмыш қаржы жыл соңына дейін толық игеріледі.
«Жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге қаржыландыру бойынша 2015-2016 жылдары 20,3 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2015 жылы 8 млрд теңге, 2016 жылы 12,3 млрд теңге. Аталмыш қаражат ХҚҰ бірге асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруға бағытталды. Оның ішінде ТКШ жаңғырту, қалалық көлік, қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша шараларды қолға алу, суландыру және су сіңіру жұмыстары қамту жатсады», - деді Қ.Бишімбаев.
«2015-2016 жылдары 77 мектеп пен 19 балабақша салуға 77,3 млрд теңге бөлiндi. Бұл мақсатқа биылғы жылы қарастырылған 57,9 млрд теңгенiң 38 млрд теңгесi жергiлiктi атқарушы билiкке берiлдi. Бұл қаражаттың 96 пайызы игерiлдi», - дедi Қ.Бишiмбаев.
Министр Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, ОҚО және Алматы қаласы қаражатты толық игергенiн атап өттi. Ал ШҚО қаражаттың 80, Астана қаласы 70 пайызын ғана жаратқан.
Бұл мемлекеттiк тапсырыс бойынша қаржыны үнемдеу мен құрылыс жұмыстарының кешiгуiне байланысты. Бұдан бөлек, Атырау облысында орта мектеп пен ШҚО-да балабақша уақытында тапсырылмады.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
