Қазақстанның орталығынан 4,7 мың шақырымға сәулелік автожолдар созылады
«Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс» және «Орталық-Батыс» жобалары бойынша жалпы алғанда 4,7 мың шақырым жолды қайта құру мен салу жоспарлануда, олардың көп бөлігі 2016 жылдың соңына дейін тапсырылады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметі отырысының барысында.
«Ұзындығы 1 288 шм және құны 863 млрд. теңге тұратын «Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша (Астана-Алматы) жұмыстар 2013 жылдан бастап Астана-Теміртау (171 шм) және Алматы-Қапшағай (104 шм) учаскелерінде басталған. Бүгінгі таңда 12 шм Астана-Теміртау учаскесі және 72 шм Алматы-Қапшағай учаскесі пайдалануға берілген», - деп баяндады министр.
Оның айтуы бойынша, осы жоба бойынша 2016 жылғы бюджет – 63 млрд теңге. Бөлінген қаражат есебінен жұмыстар жоғарыда көрсетілген учаскелерде жүргізіліп жатыр, олар жыл қорытындылары бойынша толығымен аяқталады: Астана-Теміртау – 159 шм, Алматы-Қапшағай – 32 шм). 59 % - 36,9 млрд теңге игерілген.
«Ұзындығы 1 018 шм және құны 407 млрд. теңге тұратын «Орталық-Шығыс» жобасы бойынша (Астана-Өскемен) жұмыстар 2013 жылдан бастап Астана-Павлодар (441 шм) және Павлодар-Семей-Қалбатау (473 шм) учаскелерінде жүргізілуде. Бүгінгі таңда 218 шм пайдалануға берілген, соның ішінде Астана-Павлодар – 47 шм, Павлодар-Семей-Қалбатау – 171 шм», — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Министрдің баяндамасына сәйкес, осы жоба бойынша 2016 жылғы бюджет 60,5 млрд теңгені құраған. Бөлінген қаражат есебінен жұмыстар 516 шм-да жүргізілуде: Астана-Павлодар – 394 шм, Павлодар-Семей-Қалбатау – 122 шм. Бүгінгі күні бөлінген қаражаттың 69%-ы - 41,5 млрд теңгесі игерілген. Жыл қорытындылары бойынша 20 шм Астана-Павлодар учаскесі бойынша бір бағытта жол жүруді ашу және Ертіс өзені арқылы 12 шақырымдық көпір өткелінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
« «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша 2787 км ішінен 2452 автожол қайта жөнделуге жатады, оның құны 825 млрд теңгені құрады. Жобаны жүзеге асырудан бастап 2 028 км жолда жұмыстар аяқталды, Шымкенттен Ресей Федерациясына дейін және Тараз-Алматы бағытында қозғалыс ашылды», - деді Ж.Қасымбек.
Оның айтуынша, 2016 жылдың бюджеті 134,2 млрд теңгені құрап, 56 пайызы – 76,8 млрд теңгесі игерілді. Қазіргі таңда Алматы-Қорғас, Шымкет-Ташкент, Шымкент – Жамбыл облысы учаскелерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда, жыл қорытындысында қозғалысты ашу жоспарланған.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
