Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ювеналды полиция өкілдері азаматтарды қабылдау өткізді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдау өткізеді.

2016 жылдың 11 қазанда қоғамдық қабылдауда БҚО ІІД ЖПҚ-нің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Руслан Ильгизұлы Галиев азаматтарға қабылдау өткізді.

Қабылдауда баланың құқықтарын қорғау және балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарды ескерту жұмыстарын жүзеге асыру, жасөспірім құқықбұзушыларға қажетті профилактикалық әсер етуді қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметі жастарға, ата-аналарға және педагогтарға жариялы, ашық және оқыту мен еңбек ұжымдары, мекемелер, жастар ұйымдары, ассоциация және фондтармен тығыз байланыста заңдылық, адамгершілік, балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау принципінде қызмет атқаратындығын атап өтті.

   
0
0
863

Осы тақырып бойынша

Ювеналды полиция өкілдері азаматтарды қабылдау өткізді - Yvision.kz