Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Facebook арқылы азаматтарды қабылдау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдау өткізеді.

2016 жылдың 4 қазанда БҚО «Азаматтық Альянсы» ЗТБ штаттағы заңгер Ғалия Сатыбалдина, БҚО Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлік және сауда бөлімінің басшысы Бақдәулет Ибраимов Facebook әлеуметтік желісінің парақшасында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмысы жөнінде түсінік берді.

Қабылдауда облыстың инвестициялық басымдықтарын қалыптастыру, әлеуетті инвесторлар үшін өңдеу өнеркәсібі, кәсіпкерлік және туризм кәсіпорындары мүмкіндіктерінің таныстырылымын ұйымдастыру және өткізу және  индустриалдық-инновациялық дамуға, кәсіпкерлікті, сауданы, соның ішінде шағын несиелеуді дамытуға бағытталған бюджет қаражаттарының пайдаланылу қызметіне мониторингті жүзеге асыру сұрақтары талқыланды.

 
0
0
260

Осы тақырып бойынша