Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінде Мемлекеттік корпорация филиалдары департаменттері және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Өткізілген семинардың күн тәртібінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында қызмет алушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері тыңдалып, көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасында кездесетін құқықтық олқылықтар бойынша талдау қорытындысы талқыланды. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында қызмет алушылардың сауалнамалары нәтижесі туралы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Мемлекеттік корпорация филиалы өкілінің және көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасында кездесетін құқықтық олқылықтар бойынша талдау қорытындысы туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті өкілінің баяндамалары тыңдалды.

Шара соңында «Азаматтық альянс», «Батыс Ақсай», «Жайық дауысы» және «Үміт әйелдер одағы» қоғамдық ұйым өкілдері тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер ортаға салынып, назарға алынды.

 
0
0
217

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі - Yvision.kz