Кітап сарқылмас рухани қазына...
Кітап сарқылмас рухани қазына..
" Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге"
(Абай Құнанбаев)
Кітап!!! Ия, бұл сөз әр адам баласына өте таныс .Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы ретінде пара-пар болса, ал енді кей жандарға іші құпияға толы, жұмбақ әлем болып қала беретіні сөзсіз. Кітаптың құдыреті мен кереметтігін маржан сөзбен тізіп жеткізу мүнкін емес. Кітапты оқыған оқырман, Оқып жатқан сәтінде, жан дүниесі керемет әсерлерге бөленіп, көз алдына түрлі суреттелген кейіпкерлердің образдары бейнеленеді,Өзін тап бір, сол кітаптың ішінде жүргендей сезініп,Өмірде де, дәл автордың шығармасындағыдай ситуациялық жағдай бола қалған жағдайда, сол мәселеден шығуға септігін тигізеді.

Кітаптың ерекшелігі мен кемшілігіне тоқтала кетсем: Ерекшелігі: біріншіден: ол оқырманның ойлау қабілетін жақсартады; екіншіден:оның сөздік қорын молайтады; Үшіншіден: жан дүниесін рухани байытады; Төртіншіден: Кітап оқып талдауға,сарапқа салуға үйретеді.Кемшілігі жағына тоқтала кетсем, Кітаптың зиянына қарағанда пайдасы мол, себебі кемшілік кітапта емес,адамның өзінде.Қазіргі қоғамда кітап оқушылар саны сиреп бара жатқандығы жағаны ұстатады.Оған халқымыз уақыт тапшылығының аз екенін сылтау етсе, енді біреулер әлеуметтік желінің құрбаны болып ,алтын уақыттарын бос іспен өткізетіндігі айқындалып отыр.Оқырмандардың жас ерекшелігіне көз салсақ 10 мен 60 жас аралығындағы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін зер салып оқиды екен. Сөзімді қорытындылай келе, Кітапты әрбір жас-жеткіншектің оқуы парыз деп есептеймін, себебі кітап ойы өрісімізді дамытып,ақыл-білімізді кеңейтіп, бізді болашаққа жетелейтін бағдар.

Құрметті оқырман!!! Кітап Сарқылмас қазына,ол Ата-бабамыздың мұра етіп қалдырылған құнды жәдігер. Оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізу біздің парызымыз екенін ұмытпайық!!!
