«Нұрлы жол» қаражаты жылдық көлемнен 70%-ға игерілген
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 9 ай ішінде жылдық көлемнің 70%-ға жуығы пайдаланылған, деді ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов «2016 жылғы 9 ай ішінде мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары туралы» мәселесі бойынша ҚР Үкіметінің отырысында.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 9 ай ішінде жылдық көлемнің 70%-ға жуығы пайдаланылған. «Нұрлы жол» бюджет бөлігінің қаражатын игеру динамикасы жақсы. Әкімшілер Астана халықаралық әуежайы, Жезқазған – Бейнеу теміржол желісі және Алматы – Шу теміржол учаскесі, Құрық портындағы паром кешені, ҰИМТ АЭА инфрақұрылымы сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған қаражатты толық көлемде аударған. Осы жобалар болашақта мультипликативті әсер береді», - деді Б. Сұлтанов.
Ведомство басшысы атап өткендей, тұрғын үй құрылысына және ТКШ, білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қаражат та өңірлерге уақтылы аударылған.
«Жергілікті органдар 161,6 млрд теңгені немесе алынған қаражаттың 97,1%-ын игерген. 3,7 млрд теңге игерілмеген. Жалпы, игеру оңтайлы кесте бойынша орын алуда, қалған қаражат жыл соңына дейін тең бөлінді», - деп қосты Б. Сұлтанов.
«Өңірлік экономикаларды ынтыландыру мақсатында қаржылық әрекеттесу үшін жаңа әдістер қолданылды. Биылғы жылы республикалық деңгейде жергілікті бюджетке экономикалық тұрақтылық үшін трансферт бөлінді. Жылдық сома 80 млрд теңгені құрады. 9 айдың ішінде 55 мылрд теңге игерілді. Бұл өңірлік бюджетті тұрақтандырды», - деді Б.Сұлтанов.
Барлық өңірлерге капиталдың ішкі нарығынан қарыз алуға рұқсат берілді.
«Жергілікті органдар құрылыс үшін 38 млрд теңге құнды құжаттарды шығарды. Әзірше, 12 млрд теңге игерілді, жыл соңына дейін 26 млрд теңгені игеру қарастырылған. Мақсатты трансферттер мен несиелер есебінде республикалық бюджет пен жергілікті бюджет арқылы 362 мың км тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша, 150 мың адам жұмысқа орналасып, 6,4 мың адам шағын несие алды», - деді министр.
Жалпы, өңірлер республикалық деңгейдегі трансферттен пен несиеден 1 трлн 146 млрд теңгеге ие болды.
«Бұл өткен жылғыдан 38 пайызға көп. 1 106 млрд теңге 969,6 пайыз игерілді. 40 млрд теңге игерілмеді, оның 38 млрд теңгесі игерілді, ол өткен жылғыдан екі есе жоғары», - деді ол.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
