Ф.Қуанғанов: ҚР Президентінің манифесінде жаһандық проблемаларды шешу әрекеттерінің тиімді алгоритмі ұсынылған
БҰҰ-ның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитінде айтылған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде әлемге жаһандық қауіпсіздіктің қазіргі проблемаларын шешудің қарапайым және тиімді әрекеттері ұсынылған. Осы пікірімен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов «Әлем. ХХІ ғасыр» атты арнайы жастар сессиясының барысында бөлісті. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлерін терең түсіне отыра, тәуелсіздік жылдары ішінде халықаралық өмірдің барлық салаларын қамтитын және әлем және адамзат тағдыры үшін терең алаңдаушылықты көрсететін бірқатар стратегиялық маңызды жаһандық бастамалармен сөз сөйледі. Халықаралық қатынастардағы шиеленіс жаппай қырып-жою қаруының ядролық, химиялық, биологиялық және…