Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

ҰЭМ: 2016 жылдың 9 айында шетелдік инвестициялар ағыны 4,1 пайызға өсті

2016 жылдың 9 айында шетелдік инвестициялар ағыны 4,1 пайызға көбейді, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында.

«2016 жылдың  9 айында шетелдік инвестициялар ағыны  4,1  пайызға көбейіп,  5,1 трлн теңгені құрады. Бұл ең алдымен  «Нұрлы жол» бағдарламасының  инфрақұрылымдық  нысандарын жүзеге асырумен байланысты», - деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, аталмыш бағытта оң көрсеткіштер бар.

Оның айтуынша, инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі  кәсіпорындардың өз қаражаттары болды – 3 трлн теңге, банк несиелері – 319 млрд теңге,  өзге қарыз қаражаты – 969,6 млрд теңгені құрады. 2016 жылдың  9 айында шетелдік инвестициялар ағыны  4,1 пайызға көбейіп,  5,1 трлн теңгені құрады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша экономикалық өсім 9 айда 0,3 пайызға өскен. Ал қаңтар-тамыз айы аралығында 0,4 пайызға артты», – дейді Бишімбаев.

Оның айтуынша, елімізде инфляция қарқыны төмендеп, валюта нарығы тұрақтаған және бизнеске деген инвестициялық белсенділік артқан. Сондай-ақ ол жұмыссыздық төмен деңгейде сақталып отырғанын атап өтті.Экономикалық өсімнің негізгі үлесін құрылыс (6,9%), ауыл шаруашылығы (4,9%), көлік (4,0%), өңдеуші өнеркәсіп (0,6%) салалары құрап отыр.

«Елдің сыртқы сауда айналымы  биылғы жылдың  8 айында 28 пайызға қысқарып, 38 млрд долларды құрады. Экспорт  23 млрд долларды құрады. Импорт – 15,4 млрд долларды құрады», - деді министр.

Оның айтуынша, экспорт көлемінің түсіміне  мұнай,  алюминий (8,9%-дан  1568,4 долл тоннаға дейін), темір рудасы (7,6%-дан  54,3 долл тоннасына), руда және мырыш  бағасының төмендеуі әсер етті.

Сондай-ақ, ол қыркүйек айының қорытындылары бойынша Ұлттық қордың валюта активтері 64,4 млрд долларды құрағанын айтты. Оның айтуы бойынша, еліміздің халықаралық қоры 2016 жылғы қыркүйек айының соңында 95,8 млрд долларды құраған.

«Қаржы нарығындағы жағдайдың жақсаруы, экономикада оң белгілердің пайда болуы және оң болжамдардың қалыптасуы қазан айының басында базалық мөлшерлемені 12,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдауға негіз болды. Тәуекелдердің төмендеуіне және тұрақтылықтың расталуына қарай, базалық мөлшерлеменің одан әрі де төмендетілуі мүмкін», - деді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
329

Осы тақырып бойынша

ҰЭМ: 2016 жылдың 9 айында шетелдік инвестициялар ағыны 4,1 пайызға өсті - Yvision.kz