Қ.Бишімбаев: Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып келеді
Жалпы, 2016 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері оңтайланды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді. «Жалпы, 2016 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері оңтайланды. Айта кетерлігі, ең қиын кезеңді бірінші тоқсанда өткердік, ол кезде экономиканың түсімі 0,4 пайызды құраған еді, маусым айынан бастап экономика өсімінің қарқыны тұрақтанды», - деді министр. «Экономикалық өсімнің негізгі үлесін құрылыс (6,9%), ауыл шаруашылығы (4,9%), көлік (4,0%), өңдеуші өнеркәсіп (0,6%) салалары құрап отыр», – дейді министр. Министр ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанда құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік саласы мен өңдеуші өнеркәсіп салаларында оң серпіннің байқалғандығы туралы хабарлады. Сондай-ақ, азық-түлік, тоқыма бұ…