Жыл басынан бері мүлік пен ақша қаражатын жария ету 2,8 трлн теңгені құрады - Сұлтанов
Жыл басынан бері мүлік пен ақша қаражатын жария ету 2,8 трлн теңгені, соның ішінде ақшалай 2 трлн теңгені құраған, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов «2016 жылғы 9 ай ішінде мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары туралы» мәселесі бойынша ҚР Үкіметінің отырысында. «Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңның нормалары бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасады. Қазір бір конкурсқа орта есеппен 5 қатысушыдан келеді. 9 ай ішінде 20 мың тапсырыс беруші және 90 мыңнан астам өнім беруші тіркелген. Осы жылы мемлекеттік аудит басымдығы адал өнім берушілерді қорғау болып табылады. 2016 жылғы 9 ай ішінде 375 млрд теңге сомасына дұрыс жарияланбаған мемлекеттік сатып алу анықталған – олардың барлығы түзетілген және тең қолжетімділік қамтамасыз етілген», - деді Б. Сұлтанов. Сонымен бірге,…