Ақмола облысының Жақсы ауданындағы жолдарды жөндеуге 60 млн теңгеден астам қаражат бөлінген
Ақмола облысының Жақсы ауданында «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу бойынша 9 жоба іске асырылды, деп хабарлады аудан әкімі Қанат Сүйіндіков өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Ол аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге бюджеттен 60 млн теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтті.
«Ауданда мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 100 млн теңгеден астам сомаға несие берілген. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша өсімдік шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығы, ет-сүт бағытындағы өнімдер өндірісін субсидиялау бойынша жұмыс жалғасуда. Мысалы «Ырыс» бағдарламасы бойынша Жақсы ауданының шалғайдағы бұрыштарында отарлы мал шаруашылығының қажеттіліктері үшін құдықтар мен ұңғымалар құрылысы аяқталды. Шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Кәсіпкерлік бөлімі ауыл округтерінде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру бойынша консультациялар ұйымдастырды», - деді әкім.
Аудан басшысының айтуы бойынша, ауылдар мен ауыл округтерінің әкімдері шаруашылық етуші субъектілердің басшыларымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру туралы 2016 жылға арналған меморандумдар жасаған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар өз ісін ашуға шағын несиелер алуда.
Қ. Бішімбаев атап өткендей, қолданыстағы заңнамада жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялауға кезең-кезеңмен көшу көзделген:
- бірінші кезең 2017 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, судьялар, басқарушылық және әкімшілік бейіндегі ұлттық компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;
- екінші кезең 2020 жылдан бастап – барлық қалған жеке тұлғалар.
«Ағымдағы жылы жалпыға ортақ декларациялауға көшуге дайындық жұмыстарын өткізу барысында қоғамның осы шараны қабылдауына теріс әсер етуі мүмкін проблемалар анықталды (мемлекеттік органдардың дерекқорларындағы мәліметтердің өзекті болмауы, интернет желісімен толық қамтудың болмауы). Осыған орай, жалпыға ортақ декларациялауға 2020 жылдан бастап бір кезеңмен өтуді жүзеге асыру ұсынылады. Сондай-ақ, Парламент депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мүліктің бастапқы мәндерін ұлғайту ұсынылады», - деп хабарлады ведомство басшысы.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
