Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы Әділет министрлерінің екіжақты кездесуі болып өтті

2016 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Бекетаев Қытай Халық Республикасының Әділет министрі У.Айин бастаған қытай делегациясымен кездесті.
Министрлер өз елдерінде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың негізгі бағыттарын талқылап, екіжақты және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында сот сараптау, заңгерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытудың келешегі туралы пікір алмасты.
Әділет министрлерінің басқосуы ШЫҰ-ға қатысушы елдер әділет министрлерінің Алматы қаласында 2016 жылғы 28 қазанда өтетін төртінші кездесуінің ашылуы аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
740602, 740601

http://www.adilet.gov.kz/kk/news/kazakstan-respublikasy-zhne-kytay-halyk-respublikasy-dilet-ministrlerinin-ekizhakty-kezdesui

0
0
261

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы Әділет министрлерінің екіжақты кездесуі болып өтті - Yvision.kz