Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Астанадағы ауыл шаруашылығы көрмесіне 30 елдің 250-ден астам компаниясы қатысып жатыр

Астанада «KazAgro/KazFarm-2016» ауыл шаруашылық көрмесі өтіп жатыр. Шараға 250 компания қатысуда.

«KazAgro/KazFarm-2016» көрмесіне отандық компаниялармен қатар шетелдік тауар өндірушілері де көптеп қатысқан. Соның ішінде Грузия мен Финляндия биыл алғаш рет қатысып отыр. Ал Дания, Египет, Иордания, АҚШ, Тәжікстан, Украина, қатарлы 20-дан астам мемлекет бұдан бұрын да бұл көрменің көркін қыздырған.

«Үш күнге жалғасатын көрме биыл 7-ші рет ұйымдастырылып отыр. Әлемнің 30-дан астам елінен 250 компания тек қана ауылшаруашылығына арналған тауарлар, жем-шөп, техникамен қатар сүт өнімдері, дәнді-дақылдарды көрермен назарына ұсынады.Біздің еліміз үшін ауылшаруашылық саласы ерекше болып саналады. Ол тек қана экономикалық емес, әлеуметтік салада да еліміздің дамуында маңызды рөл атқарады» - деді көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ауылшаруашылығы вице-министрі Серік Егізбаев.

Астанада басталған көрмеге еліміздің де бірнеше компаниялары мен ресми диллерлері қатысуда. «Қазақстанда жасалған» «Халық маркасы» «алтын сапа» қатарлы брендтік марка иегерлері де осы көрмеге қатысып, өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынуда.14 000 шаршы метр аумақты алып жатқан көрмеде агрошаруашылыққа арналған дүниенің барлығы да бар. Үш күнге жалғасатын көрмеде көптеген келісімшарттар жасалып, халықаралық деңгейдегі сауда-саттық болады деп күтілуде.

Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындылары экономиканың аграрлық саласында оң даму қарқынының сақталып отырғанын көрсетіп отыр, деп хабарлады АШМ.

Мәселен, 2016 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылғы осындай кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда 4,9%.-ға артты. Аталған өсім өсімдік шаруашылығы өнімі құнының 7%-ға және мал шаруашылығы өнімі құнының 2,5% өсуімен қамтамасыз етілген.

Мал шаруашылығы саласындағы жалпы өнім 1 177,9 млрд. теңгені құрады.

А.ж. 1 қазандағы жағдай бойынша мал басы орташа есеппен 1,1 %-ға ұлғайған. Айталық, жылқы саны 6,4%-ға өсіп, 2 млн. 269 мың басты құрады. Ал, ірі қара мал саны 2,7%-ға өсіп, 6 млн.831 мың басты құрады.

Еліміздің аграрлық саласының өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар бойынша астық жинаудың рекордтық көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Мысалы, 25 қазандағы жағдай бойынша 23 млн. 608,4 мың тонна астық жиналды. Бұл көрсеткіштер алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 млн. 892 мың тоннаға артық.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
349

Осы тақырып бойынша