Мазмұнға өту

Жаңа

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

2016 жылдың 24 қазанда «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» дискуссиялық клубының «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кезекті отырысы өткізілді. Шараның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстарын жүргізу, құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасында жемқорлықтың алдын алу жөнінде ақпарат беру. Отырысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, облыстық жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, жастар істері комитеттерінің жетекшілері, ЖОО және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты. Отырыс барысында өңіріміздегі сыб…

0
0
844

Ақтау қаласы Ішкі істер Басқармасының құрылуы тарихы және алғашқы бастығы туралы

Ақтау қаласы Ішкі істер Басқармасының құрылуы тарихы және алғашқы бастығы туралы 25 Октября 2016 (17:54) | 121 | Автор: Нурганым Имашева Облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті Ақтау қаласы ішкі істер басқармасының тәртіп сақшылары қамтамасыз ететіні белгілі. Шаһар тұрғындарының тыныш ұйқысы мен алаңсыз өміріне жауапты құқық қорғау органының құрылу тарихы, оның алғашқы басшысы жайлы не білеміз? Осы сауалға жауап іздеп, қалалық ІІБ-на бас сұқтық. Сол кезде мынадай мәліметтерге қанықтық. Қазақ КСР құрамында Маңғышлақ және Жезқазған облыстарын құру туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы 1973 жылы наурыздың 20-шы жұлдызында қабылданды. Осы сәттен бастап Қазақ КСР құрамында Маңғышлақ облысы орталығы Шевченко қаласы болып өмір сүре бастады. Маңғыстау ішкі істер басқармасы, 1973 жыл…

0
0
2867

БАҚ НАЗАРЫНА! АНОНС Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлерінің төртінші отырысы

2016 жылғы 28 қазанда сағат 10:00-де Алматы облысы «Ақбұлақ» биік таулы шаңғы курортында Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаевтың төрағалымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлерінің төртінші отырысы өтеді. Отырысқа Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының Әділет министрлері, Ұйымның Бас хатышысының орынбасары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттердің Әділет министрлері қатысады. Маңызды іс-шара 27 қазан күні «Шығыс-Батыс» атты ғылыми-практикалық конференциясынан басталады. Маңызды іс-шараға қатысушы мемлекеттердің сот сарапшылары қатысады. Мамандар сот сараптамасы саласындағы озық тәжірибесімен бөліседі. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңбе…

0
0
295

Жасотандықтар жемқорлыққа қарсы

А.ж. 24 қазанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Жақсы ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы флешмоб өтті.

Іс-шараны «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру аясында  жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру.

Би флешмобына шамамен 60 шақты адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
228

Мемлекет пен кәсіпкерліктің әріптестігі

А.ж. 21 қазанда «Адал  жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Жақсы ауданының әкімдігінде «Шенеунік және кәсіпкер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Жақсы ауданының кәсіпкерлері қатысты және сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларының куәгері болған жағдайда хабарласу үшін аудан кәсіпкерлерінің назарына сенім телефонының нөмірі жеткізілді.

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық  реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық  құқықтық нормалары тек құқықтық қатынасты дұрыстау ғана емес, сонымен қатар, кәсіпкерлік саласында туындайтын мәселелерді, соның ішінде       кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін   жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормаларды қамтиды.

Іс-шараға 17 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
531

Көріп тұрмын, мұңға толы көзіңді

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Алмаз Шаадаев «Сагынамын»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

       

Еркелейсің, неге маған баладай?

Мынау көңілің, тым ерекше, толқындай.

Тұрғандайсың, бір өкпеңді, айта алмай,

Жұмбағыңды, тұрмын сенің, шеше алмай.

 

Неге мұңлы, қарақатты көздерің?

Мың сұрақты, маған қойып тұрғандай.

Әлде бар ма, айтшы жаным, сөздерің?

Айтылмаған, сырыңды ашып, бата алмай.

 

Тырысайын, сені тыңдап, түсініп,

Еркелетіп көрейін, мен өзіңді.

Кәні айтшы, тек тұрмашы күрсініп,

Көріп тұрмын, мұңға толы көзіңді.

 

Қайғы мұңда, біргеміз деп серт бердік,

Неге іркілді, кірпігіңде көз жасың?

Беріп тұр ғой, тағдыр бізге мүмкіндік,

Мейлі, мейлі, әйтеуір бір айтарсың.

 

https://www.youtube.com/watch?v=aZFB5SqxaNA

1
1
1823

«Отандасыңды оқы!» жобасының аясындағы рецензиялар байқауы

Алматы Ашық Әдеби Мекебі (ААӘМ) мен «Полифония» әдеби фестивалі Алматы қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Отандасыңды оқы!» жобасының аясында рецензиялар* байқауын жариялайды. Байқау ережелері: 1. Байқауға 300-ден 1000 сөзге дейінгі көлемде, қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған рецензиялар мен пікірлер қабылданады. 2. Рецензиялар мен пікірлер қазақстандық автордың кітабына не туындысына жазылуы тиіс. 3. Байқауда 1991-2016 жж. жазылған кітаптарға, яғни заманауи әдебиеттерге басымдылық беріледі. Бағыт ретінде Bookmate электронды кітапханасындағы «Отандасыңды оқы!» кітаптар сөресіне енген кітаптарды алуға болады. Алайда қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларына жаңа көзқарасыңызды білдіргіңіз келсе, шек қойылмайды. Жариялау шарттары: 1. Рецензияны 2016 жылдың 25 қарашасына д…

1
2
954

Қазақстан экономикасы үшін ең ауыр кезең артта қалды – Бишімбаев

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Үкіметі отырысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы барысында Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал еткен факторлар туралы айтып берді. «Біз Қазақстан экономикасы үшін ең ауыр кезең артта қалды деп санаймыз. Біздің бағалауымыз бойынша, ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өтті, сол кезеңде мұнай бағалары өте төмен болды. Кейін 2015 жылғы қыркүйек – қазанда толық аяқталған еркін құбылмалы валюта бағамына көшу салдары көріне бастады. Әрине, ол кәсіпорындар, ұлттық компаниялар, шағын және орта бизнес тарапынан бейімделуді талап етті. Ағымдағы жылғы маусымнан бастап экономика біртіндеп өсіп келеді», – деді министр. Оның айтуы бойынша, экономиканың өсуіне конъюнктураның Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына өзгеруі әсер етті,…

0
0
554

Қазақстандық ғалымдар ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жобасына қатысуда

Қазғарыш тапсырмасымен «Ғалам» ЖШС қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорны «Surrey Satellite Technologies Limited» («SSTL», Ұлыбритания) еуропалық жетекші ғарыш компаниясымен бірігіп, ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін (ҒТМ ҒЖ) құру жобасын жүзеге асырып отыр. Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлағандай, «SSTL» компаниясы өлшемдері жағынан ең кіші, ал тиімділігі мен бағасы жағынан ең жақсы болып шығатын ғарыш аппараттарын құрастыру бойынша әлемдік көшбасшы екендігін атап кету жөн. Контракт шарттарына сәйкес, ҒТМ ҒЖ жобалау, жиынтықтауыштарды жасап шығару, құрастыру және сынау жұмыстары «Ғалам» ЖШС және «SSTL» компаниясы инженерлердің бірлескен командасымен атқарылуда. Нәтижесінде, Қазақстанға ең жаңа ғарыш технологиялар трансферті келуде. Контракт бойынша бірлескен жобалау-қ…

0
0
375

ҚР Энергетика министрлігі: Қазақстанда жыл соңына дейін 44 млрд текше метр газ өндіру жоспарлануда

Жедел деректер бойынша газ өндіру жыл соңына дейін жоспардағы 44 млрд текше метрдің орнына 33,5 млрд текше метрді құрады, деді энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Үкіметінің отырысы барысында. «Жедел деректер бойынша газ өндіру 33,5 млрд текше метрді құрады – бұл 2016 жылғы жоспардың 117%-ы, осы жылға арналған жоспар 44 млрд текше метрді құрайды. 1,9 млн тонна сұйытылған газ өндірілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103%-ды құрайды. 2016 жылға арналған жоспар - 2,6 млн тонна. Тауар газының өндірісі 18 млрд құрады – бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңнің 102%-ына жуық, 2016 жылдың соңына дейін біз 26 млрд текше метр өндіруді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады вице-министр. Сонымен бірге, М. Мырзағалиев мұнай мен конденсат өндіру көлемі 56,8 млн тоннаны құрағанын атап өт…

0
0
562