Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің төртінші отырысы өтті

2016 жылғы 28 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаевтың төрағалымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің төртінші отырысы өтті. Диалогтың осындай форматы жыл сайын, әр төрт жыл сайын өткізіледі.
Отырысқа Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының Әділет министрлері, Ұйымның Бас хатышысының орынбасары, сондай-ақ бақылаушы мемлекет ретінде Ауғаныстан Ислам Республикасының, Беларусь Республикасының Әділет министрлері, сондай-ақ Иран Ислам Республикасы мен Монғолияның ресми өкілдері қатысты.
Мемлекет басшылары деңгейінде  2015 жылғы 10 шілдеде Уфада қабылданған 2025 жылғы дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамыту стратегиясы саяси өзара әрекетте құқықтың орнын нақты анықтады, халықаралық форумдарда құқықтық талқылаудағы политизация мен конфронтацияғы ахуалды жасау бойынша бірлескен шаралар қабылдауды және тең құқықты ынтымақтастық қағидасын сақтауды, қазіргі заманғы мәдени-өркениеттік көптүрлілікті құрметтеу, халықаралық қауымдастықпен адам құқықтарының барлық түрлеріне, сонымен бірге дамуға деген құқыққа бірдей мән беруге көмектесуді анықтады.
Осы ұйым шеңберінде әділет органдарының ынтымақтастығын нығайту үшін басқа ынталандыру болып өзара қызығушылық пен өңірлік ынтымақтастықты бекітуге ниет, сонымен бірге, іске асып жатқан ұлттық құқықтық саясаттағы тәжірибе және заңнамалық базамен алмасу танылады.
Отырыс қамқорлығымен кезекті отырыс өткізілді, отырыста 10 мемлекеттерінен кем емес сот сарапшылары тәжірибе және озық тәжірбе, сот сараптамалық қызметі жүргізудің әдістемелерін ұсынды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық нәтижесінде жыл сайынғы Халықаралық заң форумы аясында диалог алаңы пайда болды, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын қатарына өткізілетін сот сарапшылары үшін «Батыс-Шығыс» конференциясы өткізілді.
Министрлер деңгейде өткізілетін кезекті отырыс Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің әділет органдарының ведомствааралық ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал етті.
Отырыс қорытындысы бойынша жоспарлау және Үкіметтің заңнамалық қызметін жоспарлау, заң қызметін көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға және оларға құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу, сот сараптамасы саласында өзара ынтымақтастық, Ұйым сайты арқылы азаматтардың және өзге де субъектілердің ұлттық заңнамаға тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылданды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
0
0
317

Осы тақырып бойынша

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің төртінші отырысы өтті - Yvision.kz