Мазмұнға өту

Жаңа

Израильдік инвесторлар ОҚО-да көлік-логистикалық салада жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерін қабылдады, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Аталған компанияның президенті – негізін қалаушы Хаим Тайбпен болған әңгімеде тараптар қос мемлекет – Қазақстан мен Израильдің түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып келе жатқанын, сондай-ақ, бұл игі жұмыстарды Оңтүстікте де одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Басқосуда Ж.Түймебаев компания басшылығын Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, атап айтқанда, Шымкент қаласында онкологиялық орталық пен консультативтік – диагностикалық емхананың құрылысы, «ақылды» автотұрақ, балық шаруашалығын дамыту, Сарыағаш ауданындағы агробақ жоспары мен сүт жинауға арналған логистикалық орталықтың жұмыстарын ұсынды. Израил…

0
0
273

Астанада «жасыл экономика бойынша» дүниежүзілік стартап байқауының жеңімпаздары жарияланады

Астанада Newenergy global startup fest өтіп жатыр – бұл Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ өткізіп жатқан баламалы энергетика және «жасыл экономика» саласындағы стартап-компаниялардың халықаралық байқауы. Байқаудың мақсаты «жасыл экономиканы», жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту үшін халықаралық инновациялық стартап-жобаларды, компанияларды, венчурлық қорларды және акселераторларды тарту, сондай-ақ халықаралық аренада ЭКСПО-2017 насихаттау болып табылады. Ұйымдастырушылардың ойынша, Newenergy global startup fest – Қазақстан үшін негізгі жобалардың бірі, себебі ол ЭКСПО-2017 көрмесін танымал етеді; Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады; халықаралық банктерді, инвестициялық және венчурлық қорларды тар…

0
0
283

Ақтөбе облысында суармалы жерлердің ауданын ұлғайту үшін су қоймаларын қайта құрады

«Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының бастығы Бекзат Нәметов хабарлағандай, пайдаланылған 49 жыл ішінде тозған гидроқұрылыстардың кейбір элементтері қайта құрылатын болады. Одан басқа, су қоймасының сыйымдылығы қазіргі 6 млн текше метрден 7,5 млн текше метрге дейін ұлғайтылады. «Нәтижесінде, су қоймасының суару қабілеті 400 га-дан 1 000 га-ға дейін ұлғаяды. Артық су Сазды өзеніне құйылады, бұл ауыз суды жұмсамай, жасыл екпелерді, гүлбақшалар мен гүлзарларды тұрақты суару проблемасын да шешеді», - деді ол. Сондай-ақ, қайта құру барысында су қоймасын қалдықтардан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізіледі, суды есепке алу аспаптары, сыртқы электрмен жабдықтау және сыртқы жарықтандыру, күзет және бейнебақылау бекеттері орнатылған. Сигналдық бағаналар орната отырып, асфальт төсеу көзделген. Қайта құру…

0
0
381

Сенат Парниктік газдардың шығарылымын қысқарту жөніндегі париж келісімін ратификациялады

ҚР Парламенті Сенатының отырысы барысында депутаттар ҚР Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Париж келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдады. 2015 жылғы желтоқсанда Климаттың өзгеруі туралы Біріккен ұлттар ұйымының негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясында Париж келісімі қабылданған болатын. Конференция барысында Қазақстан экономиканы климат факторларымен байланысты жаңа жағдайларға бейімдеу жөніндегі шараларды жоспарлау, әзірлеу жүйесін жетілдіру процестерін заңнамалық қамтамасыз ету қағидаттарына негізделген парниктік газдарды қысқарту бойынша өз міндеттемелерін ұсынды. Басқаша айтқанда, Париж келісімінің мәні әрбір елдің парниктік газдар шығарылымдарының көлемін мүмкіндігінше шектеу міндеттемесін өз еркімен қабылдауы болып табылады. Кел…

0
0
284

ЕҚДБ қазақстандық бизнесті қолдауға 8,61 млрд теңге бөледі

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Еуропа қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) бірінші вице-президенті Фил Беннетпен келіссөз жүргізді, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ АҚ. Тараптар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ұлттық валютада қорландыруды тарту, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық, инвестициялық жобаларды дайындау мен құрылымдау, мемлекеттік активтерді жекешелендіру, сондай-ақ сақтандыру өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөздер барысында Ерболат Досаев инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, шағын және орта бизнес өкілдерін қашықтан оқыту жөніндегі өңірлік офисті құру, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымдарын жекешелендіру жөніндегі жоспар…

0
0
448

Ж.Түймебаев: Әрбір этнос – Қазақстанның байлығы

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары басшыларымен және облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу жиыны өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі. Өңірдегі мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу барысымен танысып, қатысушылардың ұсыныс, пікірлерін тыңдаған аймақ басшысы алдағы кезеңдерде облыстың өсіп-өркендеуі жолындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру жайын айтты. «Әрбір этнос біздің байлығымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қазынаның қорғаны. Аталған ұйымның жұмысын шетелдерден келіп үйреніп, тәжірибе алмасып, өз пайдаларына жаратып жатқан мемлекеттер бар. Қиын қыстау кезеңде қазақ халқы жер аударып келген түрлі этностарды бауырына басты. Бүгінде біз бір ел – бір халық болып, бір мақсатта жұмыс атқарып келеміз»,-деді…

0
0
341

Т. Дүйсенова: Қазақстанда әлеуметтік жобалар аясында 250 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді

Шымкент қаласында «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесінің аясында аталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Мүгедектердің, жасы ұлғайған адамдардың және халықтың өзге де тобының өмірін жақсартуға негізделген әлеуметтік жобаларды қолдау – ҚР ДСӘДМ қызметінің басым бағыттарының бірі. Шарада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиындықтары…

0
0
417

Қазақстанда жергілікті тұрғындардың жиналыстарында шетел азаматтарының дауыс беру құқығын шектеу ұсынылды

Қазақстанда жергілікті қоғам жиналыстарында шетел азаматтарының дауыс беру мүмкіндігіне тыйым салу ұсынылды. Осы ұсыныспен ҚР Парламентінің төменгі палатасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында мәжіліс депутаты Сапар Ахметов сөз сөйледі. «Дауыс беру бюджет қаражатын бөлуді, аудан орталығының, елді мекеннің даму жоспарын, бас жоспарын бекітуді білдіреді. Бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының ғана айрықша құқығы. Біз оларға шектеу қоймаймыз, олар барлық іс-шараларға қатыса алады, ұсыныс жасай алады, бірақ дауыс беруге Қазақстан азаматтары ғана қатысуы тиіс», - деп хабарлады С. Ахметов. Депутат Артур Платонов бастаманы қолдай отырып, Қазақстан азаматтарының осы мәселеде барынша қорғалуын қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Жұмыс тобын…

0
0
223

NEWENERGY байқауында су электр станциясының жаңа түрі таныстырылды

Шөлде алқаптарды құру бойынша стартап жобаны Санкт – Петербордан келген Андрей Казанцев Астанадағы #NEWENERGY global startup fest байқауында таныстырды. Санкт-Петербордан келген Андрей Казанцев су тасушының көмегінсіз шөлдерде алқаптарды қалыптастыру жобасын таныстырды. Оның басты тетігі су электр станциясының жаңа типі. «Табиғатта күн энергиясының төрттен бірі су маңында болады. Су ауада конденсатталып жаңбыр болып жерге жауады. Тау басында қалғандарын біз су электр станцияларына өзен ретінде пайдаланамыз. Асылында, бұл энергиямен күн 200 есе көп қамтамасыз етті. 100 жыл бұрын Тесла бір идея айтқан болатын, егер бұлттан энергияны алуға болса , энергетикалық және су мәселелері баяғыда шешілер еді. Мен тұман мен бұлттың жиналуы жүйесін жерде қолдануды ойлап таптым. Кейбір елдерде торлар тұ…

0
0
557

Сенатта мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды

ҚР Парламенті Сенатында «Мемлекеттік аудиттің жаңа жүйесіндегі ревизиялық комиссиялардың қызметі туралы» күн тәртібімен «Өнер» депутаттық тобының отырысы өтті. Сенат төрағасының орынбасары Сергей Громов өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысына аудит және бағалау жүргізудің жаңа жүйесін енгізу туралы Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарында бастама жасағанын еске салды. С. Громовтың айтуы бойынша, бұрын қолданыста болған бақылау жүйесі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру талаптарына сәйкес келмеген, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін тәуелсіз бағалау болмаған. Вице-спикер атап өткендей, жаңа заң бұрынғы жүйенің кемшіліктерін жоя отыра, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау түсінігінің өзін, оның қа…

0
0
324