Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия – табысты бизнес
2016 жылдың 2 қарашада БҚО «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің қолдауымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша облыстық кәсіпкерлер форумын өткізді.
Форумға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау жүйесі, бизнес-қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және «Ашық келісімді» жүзеге асыру» тақырыбында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин баяндама жасады. Өз сөзінде ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметінің негізгі басымдықтарының бірі бизнесті жемқорлық қатерлерінен қорғау, кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласуды болдырмауға бағытталғандығын атап өтті.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдары және кәсіпкерлік өкілдері баяндама жасады. Форум күн тәртібіндегі мәселе бойынша талқылаумен аяқталды.
