Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім үрдістері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша көптеген шаралар өткізілуде.

Солардың бірі, Орал қаласы білім беру бөлімінің №3 және №5 ЖОББМ мен Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің оқытушы құрамымен өткізілді.

Дөңгелек үстелдер барысында департамент өкілдері мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша елімізде жүргізіліп жатырған саясатты түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Сондай-ақ, шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтайтын сауалнамалар жүргізіліп, оларға бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
571

Осы тақырып бойынша