Дәстүрлі ІІІ республикалық пікір-сайыс турнирі
«БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қолдауларымен 2016 жылдың 26-27 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында дәстүрлі ІІІ республикалық пікір-сайыс турнирі өтті.
Пікір-сайыс турнирі парламенттік формат бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Іс-шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, төрелік етті.
Төрешілер шешіміне сәйкес турнирдің қазақ және орыс лигасы бойынша жеңімпазы атанған топтарға арнайы Кубок, жеңімпаз бен жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлеріне, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинациясының жеңімпаздарына арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
