Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есептік-сайлау конференциясы өтті

 

2016 жылдың қараша айының 14 жұлдызында  «Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалының ХХ есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға Жарқайың ауданының әкімі , аудандық дилиалдың төрағасы Үйсімбаев Асқарбек Съезбекұлы төрағалық етті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының инспекторы Сарсембеков Н.Т. және Ақмола облыстық филиалының төраға орынбасары Біржанов А.Д. қатысты. Күн тәртібіне 4 сұрақ қойылған еді: 1. 2015-2016 жылдардағы есептік кезендегі Саяси кеңестің жұмысы туралы. 2. Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалының Саяси кеңсін сайлау. 3. Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалының төрағасын сайлау. 4. «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының ХХVI есептік-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау туралы. Бірінші сұрақ бойынша Саяси кеңестің жұмысы  қанағатты болып танылды. Екінші сұрақ бойынша тізімге сәйкес Саяси кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Үшінші сұрақ бойынша Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев төраға ретінде тағы сайланды.

Конференцияның қонағы Сарсембеков партияның жаңа мүшелері А.Мұқанова, С.Исамаилов, П.Стефанюк, Р.Қуандықоваға партиялық куәліктерді табыстады. А.Үйсімбаев  Ақмола облыстық филиалының төрағасы, Ақмола облысының әкімі С.кулагин атынан Шәкірова Г.М. мен Нұрбеков Ә.Ғ. «алғыс» грамоталарымен және өз атынан Рамазанова Ж.Х., Меджидов Д.Г., Дощанов О.Ж., Жүсүпов А.С. «аЛғыс» грамоталарын табыстады.

 
0
0
561

Осы тақырып бойынша

Есептік-сайлау конференциясы өтті - Yvision.kz