Шымкентте ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Қаланың барлық аудандарында, аязды күнге қарамастан, ауыл шаруашылық тауарларының жексенбілік жәрмеңкесі өтті.Жалпы алғанда облыстық орталық маңынан және шалғай аудандардан 5 мыңнан астам ауыл шаруашылық өндірушілері өз тауарларын ұсынды. Қала тұрғындары Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілген тағам өнімдерінің түрлеріне, сапасына және бағасына жағымды таңқалды. Жәрмеңкенің ерекшелігі өңірдің жылыжай шаруашылықтарында өсірілген балғын көкөністер болды. Бұл ОҚО жекеменшік және фермерлік шаруашылықтарында жылыжайлық ауыл шаруашылық өндірісті дамыту бойынша жоспарлы және кең ауқымды жұмыстың қорытындысы десе болады. Жәрмеңке «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде өтті.
Шымкент қ. ішкі саясат бөлімінің ақпараты бойынша
фото с сайта otyrar.kz
