Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі
2016 жылы 12 қараша күні Жастар Отанға лагері аясында, жастар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен семинар болып өтті. Бұл іс-шарада Төле би ауданы орталық мешітінің бас имамы – Самат қажы Анарбаев көпшілік қауым алдында өз дәрісін оқыды. Еліміздің әр аймақтарынан келген жастар семинарға тікелей түрде қатысты. Кездесу қорытындысында ашық түрде сұхбат өтті. Сұхбат барысында қазіргі таңдағы жастарды толғандырып жүрген сұрақтары талқыға салынды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жастардың қоғамдық, конфессияаралық, мәдени және кез-келген мәселе мен түсініспеушіліктерді террористік әдістерді қолдану арқылы шешуді болдырмау, терроризмге қарс…