БҚО-да әлеуметтік желілерді белсенді қолданушыларының кездесуі
2016 жылдың 21 желтоқсанында «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен БҚО әлеуметтік желілерді белсенді қолданушыларының кездесуі өтті.
Шара барысында әлеуметтік желілерді белсенді қолданушылары өздерін таныстырып, әлеуметтік желілерді белсенді қолданушылардың тобын құру, жастарға арналған жұмыс бағыттары, онлайн талқылаулар және тағы басқа мәселелерді талқылады.
Шараға Департамент өкілі Б.Хайруллин қатысып, әлеуметтік желілерді белсенді қолданушыларды қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бірге қалыптастыруға шақырды.

