«Алдаспан» ақындары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай марапатқа ие болды
Павлодар облысы жастар саясаты басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Алдаспан» жас ақындар клубы мүшелерін марапаттады. «Алдаспан» жас ақындар клубы Ертіс-Баян өңіріндегі жазба ақындар мен жас айтыскерлердің басын бір арнаға жиып, әдеби орта қалыптастырып отыр. Клубтың 20-ға жуық мүшесі бар. Олар биыл облыстық, республикалық деңгейдегі бәйгелердің алдынан бірнеше рет көрінді. Атап айтсақ, осы күзде Бәкіжан Кәкім Ақтау қаласында өткен Республикалық Әбіш Кекілбаевқа арналған көркем-сөз оқуларының Бас жүлдесіне ие болды. Ахмед Ахмади облыстық «Батыр – ел қорғаны» мүшайрасының жеңімпазы, Абзал Қабдраш Көкшетау қаласында өткен айтыстың бас жүлдесін иемденсе, Алтынбек Мақсатхан Ерейментау ауданының 100 жылдығына арналған Республикалық айтыстың…