Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Рубежка колледжіндегі семинар

2017 жылғы 6 қаңтар күні «Рубежка колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2016/2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кезекті педагогикалық кеңес отырысы оздырылды.

Кеңеске Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, «Жемқорлықтың алдын-алу жайында» баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, колледж оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша тиым салынғандығы және тағы басқалар жөнінде кеңінен түсіндірді.

Шара соңында әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

0
0
706

Осы тақырып бойынша

Рубежка колледжіндегі семинар - Yvision.kz