Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кешенді аттестаттауды өткізудің тәсілдемелері әзірленді

А.ж. 6 қаңтарында,   Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің мәжіліс залында «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау» тақырыбында брифинг өтті.

Іс-шараға   Департамент басшысы Б. Беспалинов қатысты.

Брифинг барысында «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттаудың мақсаттары, міндеттері және ерекшеліктері түсіндірілді.

2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 706 мемлекеттік орган жұмыс істейді, аталған органдарда 5962 мемлекеттік лауазым бар. Соның ішінде 7-еуі саяси, 25-і «А» корпусының  мемлекеттік лауазымдары.

Уәкілетті орган әзірлеген кешенді аттестаттауды өткізудің тәсілдемелеріне сәйкес, жекелеген санаттарды қоспағанда, облыста 3224 мемлекеттік қызметші аттестатталуы  тиіс.

Аттестаттауды өткізу жөніндегі дайындық жұмыстарын жүргізу аясында Департамент тарапынан бірінші, екінші және үшінші деңгейлерде аттестаттаудың ұзақтығы алдын ала есептелді.

Тестілеуді күніне 4 лектен өткізу жоспарланып отыр. Тестілеу залындағы жұмыс станцияларының(компьютерлердің) саны – 34.  Залда бір күнде 136 адам тестілеуден өте алады. Сонымен қатар, аттестаттаудың 2017 жылдың қаңтар айынан бастап маусым айына дейінгі алдын ала желілік кестесі әзірленіп,  аттестаттаудан өту кезегінің тізімі жасалды.

«Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері атқарып отырған лауазымының санатына қарай, аттестаттаудан түрлі деңгейде өтеді. Әр деңгейде құрамы  кем дегенде бес адамнан, соның ішінде төрағадан тұратын тиісті аттестаттау комиссиялары құрылады.

Аттестаттау мына кезеңдерді қамтиды:

1) бағалау парағын рәсімдеу;

2) біліктіліктерін бағалауға тестілеу;

3)ЖАК-та немесе аттестаттау комиссияларында әңгімелесу;

4) аттестаттау комиссиясының әңгімелесу қорытындылары бойынша шешім қабылдауы.

Аттестаттау қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1)атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылады;

2) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді;

3) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады;

4) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады.

Бағалау парағының түрі мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты, тестілеу бағдарламасы мен оны ұйымдастыру, сонымен қатар, әңгімелесуді өткізу тәртібін уәкілетті орган анықтайды.

Брифинг барысында Б. Беспалинов журналистердің сауалдарына жауап берді.

Департамент госслужбы

0
0
392

Осы тақырып бойынша

Кешенді аттестаттауды өткізудің тәсілдемелері әзірленді - Yvision.kz