БҚО-да мемлекеттік қызметшілер қысқы Универсиада ойындарының қатысушыларын қолдады
2017 жылдың 14 қаңтарда Орал қаласының қалалық мәдениет және демалыс саябағында қысқы спорт түрлерін және 28-ші әлемдік қысқы Универсиада ойындарының қатысушыларын қолдау мақсатында жаппай шаңғымен сырғанау өткізілді.
Жаппай сырғанауға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л.Тоғжанов, Орал қаласының әкімі Н.Т.Төреғалиев, облыстағы мемлекеттік қызметшілер, мекеме қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.
Сырғанау соңында қатысушылар арасында лотерея ойыны ойнатылды. Қала тұрғындары 5 шаңғы және бассейнге, спорт Мұз айдыны мен спорт мектептерінің жаттығу залдарына тегін абонементтер ұтып алды. Сырғанауға 1000-ға жуық қала тұрғыны қатысты.
#БҚО Мемлекеттік қызметі #2017 #Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті #Орал
