Ақжайық ауданында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің тәртібі туралы түсіндірілді
Мемлекеттік қызметшілерге «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібін түсіндіру жұмыстары жалғасуда.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2017 жылғы 18-қаңтар күні Ақжайық ауданының орталығы – Чапаев ауылында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу іс-шараларын түсіндіру бағытында аталған ауданның мемлекеттік органдарының басшылары мен бас мамандары, ауылдық округі әкімі аппараттарының бас мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.Департамент басшысының орынбасары М.С.Нұртазин алдағы уақытта өткізілетін «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау мәселелері бойынша аттестаттау кезеңдеріне, деңгейлеріне, өтетін қызметшілердің, аттестаттауға жатпайтын тұлғалардың санаттарына нақты тоқталып ақпараттандырды.Семинар барысында қатысушылардың алдағы аттестациялау туралы қойған сұрақтарына түсіндірме беріліп, ақпараттық-түсіндірмелік роликтер көрсетілді. #Аттестациялау #Мемлекеттік қызмет #Орал
