Оларға басқа көзбен қарамайық!
«Олар үшін айналысындағы адамдармен қарым – қатынас жасау қиынға түседі, олар - қоғамнан бөлініп қалған, олар - өзгелердің айтқандарымен жүреді»-деген пікір бүгінгі күні қоғамның санасына сіңісіп кеткен түсінік. Айтып отырғанымыз , сол ауыспалы кезеңде албырттық танытып, ала жіпті аттап кеткен бойжеткендер мен бозбалалар.

Мінеки, осы сынды пікірлердің аз болуы және алдын-алу үшін, бүгін Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруыменжастармен жұмыс аясында «Заңгер тайм» тематикалық ойыны өткізілді. Шараның негізгі мақсаты «Тәуекел аймағындағы» жастар арасында өз-өзіне сенімділігін, мәдени қасиеттері құқықтық білімдерін арттыру мен әлеуметтендіру болып табылады.

Бұл шараны ұйымдастаруды «Жастар мен жастар ұйымдарына заңгерлік, психологиялық қолдау» бөлімі қолға алды. Кездесу ойын түрінде өтті. Бөлім инспекторы қатысушыларды ойын шартымен түсіндіре сала, ойын бірден қызды. Ойын қорытындысы бойынша «Мафия» тобы жеңіс тұғырынан көрінді. Барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапаталып, жігерленіп қайтқандай. Келген жастардың бәрі шарадан өз керегін алып кеткенін жанарларынан ұққандаймыз!

Әрине, бұндай шара бір күн, бір Оратлықта ғана өтсе өз жемісін бірден бере қоймас! Сондықтан, құрметті оқырмын, «жұмыла көтерген, жүк жеңіл» демекші, реті келсе сізде қоғамның қисайған уығын түзеуден қашпағайсыз.

