Мазмұнға өту

Жаңа

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін болашақ кеңейту жобасы шеңберінде 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Бұл туралы бүгін Атырауда өткен «Теңізшевройл» ЖШС-ны болашақ кеңейту жобасы-Сағалық қысымды басқару жобасының құрылыс компанияларының форумында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, «Теңізшевройл ЖШС-ның қазақстандық және халықаралық мердігерлік ұйымдарының өкілдері қатысты. Біржан Нұрымбетов өз сөзінде жоғарыда айтылған «Теңізшевройл» ЖШС жобасы мемлекеттегі өте сәтті ұзақмерзімді инвестициялық саясаттың көрінісі болып табылатынын атап өтті. Осы жобада шоғырланатын шетелдік инвестициялар мультипликативтік әсер беріп, бизнестің дамуына, сонымен қатар халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсартуға ықпалын тигізеді. «Бүгінде «Теңізшевройл» ЖШС-ның деректері бойынша Болашақ кеңейту-Сағалық қысымды…

0
0
253

2016 жылы 125 мыңнан астам азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды

2016 жылы 125,6 мың адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Оның ішінде 119,3 мың азаматқа 717 мемлекеттік мекемелерде, 6,3 мың адамға үкіметтік емес ұйымдарда (әрі қарай – ҮЕҰ) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Былтырғы жылы үкіметтік емес ұйым секторындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен 106 ҮЕҰ айналысты. Арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарда пайда болған әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, сонымен бірге, оларға өзге азаматтармен тең дәрежеде қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндік беретін кешенді қызмет көрсету. Бұл қызметтерді мемлекет кепілдендіреді. Сонымен қатар, аталған қызмет жетімдік, панасыздық, әумесерлік мінез-құлық, мүгедектік, жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмағанда, бас бостандығынан айыру орынд…

0
0
355

2016 жылы Қазақстанға 33,7 мыңнан астам оралман келді

2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 65,5% - Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ, 24,9% - Қытайдан, 3,2% - Түрікменстаннан, 2,7% - Моңғолиядан, 3,7% - өзге елдерден оралған қандастарымыз. Олардың басым бөлігі, яғни 33,9% - Оңтүстік Қазақстан облысына, 25,4% - Алматы облысына, 10,6% - Маңғыстау облысына, 5,8% - Жамбыл облысына, 24,3% - еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды. Елге оралған қандастарымыздың 65,4% - еңбекке қабілетті жаста болса, 16 жасқа дейінгілері – 28,6%, зейнеткерлер - 6% құрайды. Еңбекке жарамды этникалық қазақтардың 10,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,3%-ында орта арнаулы білім бар, 65% - жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 3,9%-ның білімі жоқ. Ес…

0
0
253

Ескерту – сақталғандықтың белгісі

2017 жылдың 7 ақпанда Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасында «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарды ескерту және оның жолын болдырмау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі М.Г.Харесова, басқарма басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында М.Г.Харесова «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының» негізгі бағыттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда мемлекеттік органдар мен азаматтық ұйымдардың өзара ынтымақтастығының қажеттілігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, Департамент өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

0
0
722

Біздің құрама, екінші орында!

ФИСУ тарихындағы ең үздік Универсиада - Алматыдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы студенттік ойындар!

*Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды!

*Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеді!

Алатау бөктеріндегі ақ аламанмен қоштасатын сәт келді!

8 ақпан!

«Алматы Аренада»!

Универсиаданың жабылу салтанаты!

#Қазақстан Ұлттық арнасы мен #Казспорт телернасының тікелей эфирінде!

#Ертең!

#Трансляцияның_басталуы: #18_50 #Тікелей_эфир

1
0
440

Жетістікке жетудің құпиясы неде?

Сонымен, құрметті менің оқырманым, бүгін тағы бір маңызды мәселені көтерудің сәті келді. Мен қозғағалы отырған мәселе жетістік жайлы болмақ. Бір аптада 7 күн, 168 сағат бар. Бұл уақыт барлығына ортақ. Алайда неге кейбіреулер жетістікке жетіп, кейбіреулердің дамуы кері бағытта? Адамның жетістікке жетуінің алғышарты қандай? Иә, әркім әртүрлі жағдайларда өмір жолын бастағаны рас. Бірақ алыс ауыл-аймақтан шығып, елеулі жетістікке жеткен тұлғалар тарих парақтарында көптеп кездеседі. Ақсүйектер әулетінен шығып, адамзаттың дамуына оң үлесін қосқан тұлғалар да жетерлік. Сонда осы тұлғаларды біріктіретін дүние не болғаны? Олардың тынбай еңбек етіп, алға ұмтылғаны сөзсіз. Бірақ әлемде талмай еңбек етсе де, көздеген мақсаттарына жете алмай жүрген жандар қаншама?! Жә, ойландыратын сұрақтарды жетерлік…

1
0
3232

Әлемдегі ең қуатты қару

MOAB/GBU-43/B Massive Ordnance, FOAB немесе (ATBIP), Лазерлік платформадағы Boeing YAL-1 немесе Predator and Predator B. Иә, бұл әлемдегі жарылғыштардың анасы атанған, бір сәтте ақ жер бетінің күл паршасын шығаратын қуатты қарулар. Дегенмен, жылына бірнеше миллион адамның өмірін қиятын, адамзаттың басты қаруы – алкоголь. Ішімдіктердің барлығының құрамына этиль спиртінің алкоголі кіреді. Оның химиялық формуласы C2H5OH. Мұны біз орта мектепте өтеміз. Бірақ, өкінішке орай, балаларға сол мектепте осы алкогольдің кісі өлтіретін есірткілік у екендігі, осы удан адам өлетіндігін айтпаймыз. Араққа уланып қайтыс болған адамның миын ашып көрген дәрігерлер мидың қалай бұзылғанына емес, мұндай мимен адам қалай өмір сүргеніне таң қалады, яғни адам баласын ақылынан айыратын бұл зұлымдықтың әлемдік қарул…

2
1
927

Жастар жемқорлыққа қарсы

2017 жылдың 3 ақпан күні Орал қаласының №24 ЖОББМ «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы қызметкерінің және мектеп басшылығының  8-9 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өтті.

Ашық сабақ екі топ сайысы ретінде оздырылып, топ мүшелері жүргізушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы, әртүрлі ситуациялық тапсырмаларын орындады, сондай-ақ білім және денсаулық салаларындағы жемқорлық тақырыбына шағын қойылм көрсетті.

Сонымен қатар,оқушылар назарына жемқорлық салдарына әкеп соғатын жағдайлар жөнінде бейнеролик ұсынылды.

0
0
513

Шешуші кезең...

Сонымен, #универсиадамыздың аяқталуына екі күн қалды. Қызық әлі алда!

Ал, бүгін #қыздар_арасындағы соңғы хоккей ойындары өтеді. 
Финалда алтын медаль үшін Канада мен Ресей хоккейшілері кездеседі. Қыздар арасындағы хоккейде үшінші орын үшін өтетін ойында қытайлықтар АҚШ құрамасымен күш сынасады.
Аталған екі кездесуді #Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Трансляциялардың басталуы:
#Финал_19_55
#Үшінші_орын_үшін_матч_16_25
Қыздар құрамаларының соңғы ойындарын «Казспорт» телеарнасынан өткізіп алмаңыздар!

0
0
451

Тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасының аумағында бүкіл Еуропа өңіріндегідей барлық жерде тұмау және ЖРВИ-дың тіркелуі байқалады. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 3 ақпанға 380 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 1831 тұмау жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар ішінде 13%-ды құрады. Өткен аптада бүкіл халық бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық деңгейден артуы байқалмайды. Шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүрг…

0
0
529